Ермегияев сотта соңғы сөзін айтты

03 Маусым 2016, 11:53
5
Ермегияев сотта соңғы сөзін айтты - Талғат Ермегияев. © Тұрар Қазанғапов
Талғат Ермегияев. © Тұрар Қазанғапов

Талғат Ермегияев сотта соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл бойы жұмыс істеген адам ретінде Президентке жалған мәлімет жеткізіліп жатқанына сенімдімін. Олар Президентке өздеріне ыңғайлы мәліметті ғана жеткізеді. Біздің әрекетімізден шығынның болмағанын, барлық ісіміздің EXPO игілігі үшін жасағанымызды ол білмейді, сенімдімін", - деді Ермегияев сотта.

Ол антикоррупциялық қызметтің істі тергеу барысында қолданған әдістерінің адамдарды жалған мәлімет беруге мәжбүрлегенін атап өтті. Ермегияев компания қызметкерлерінен ешқандай да ақша алмағанын тағы да мәлімдеді, айтуынша, компанияның шығыны сотталушылардың абыройын қоғамның алдында төгу үшін тергеуде қолдан жасалған.  

"Мені миллиард теңге жымқырды деп айыптап отыр - бұл сұмдық ақша, оны жасыра салу қиын, бірақ менде ешқандай да ақша табылмады, есепшотым жоқ, офшор компанияларым жоқ", - деді ол.

Осыған дейін прокурорлар Талғат Ермегияевті 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Істің қалған фигуранттарына 3 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы сұралды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (5)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай