20 сәуір 2016 12:31

Ермегияевтің ісі бойынша 11 сотталушы прокурормен кінәні мойындау туралы келісімге келу жөнінде өтініш берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

11 сотталушының адвокаттары кінәні мойындау туралы процессуалдық келісімге келу жайлы өтініш берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


11 сотталушының адвокаттары кінәні мойындау туралы процессуалдық келісімге келу жайлы өтініш берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл өтініш таяуда "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша фигуранттардың қорғаушылары берген. Өтініш бергендер: Серік Найзабеков, Сергей Ильин, Нұрлан Ақпамбетов, Қажымұрат Үсенов, Самат Сардарбеков, Алпысбек Тілекмектов, Марс Шорманов, Ренат Ақылбаев, Ерлан Тілеуов, Сейіт Сейітов және Талғат Сағындықов.

Бүгін судья Әділхан Шайхисламов өтінішті қарауға прокуратураға бағыттады.

"Қылмыстық-процессуалдық заңнамаға сәйкес, қазіргі уақытта жаңа ҚПК және онда жаңашылдықтар бар. Егер сотталушылар өз кінәсін мойындаса және айыптауға қарсы шықпаса, онда сотталушылар прокуратурамен келісімге келе алады", - деді осы іс бойынша сотталушылардың бірінің адвокаты Күлжан Ержанова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети