Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

"Ертіс" клубының басшыларын соққыға жықты деген күдікпен төрт адам ұсталды

16 Маусым 2014, 14:36
0
©fc-irtysh.kz
©fc-irtysh.kz

Павлодар облысы бойынша ішкі істер департаментінің басшысы Сұлтан Күсетов "Ертіс" футбол клубының басшыларын соққыға жықты деген күдікпен төрт адамның ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Оның сөзіне қарағанда, ұсталғандардың ішінде ұйымдастырушы мен атқарушылар бар. Олардың барлығы - Павлодар қаласының тұрғындары. Жасы - 28-30. Екеуі бұған дейін қарақшылық пен адам өлтіргені үшін сотталған болатын. "Қазіргі кезде "Ертіс" футбол клубының басшыларына шабуыл жасады деген күдікпен ұсталғандар уақытша қамау абақтысына тоғытылды. Негізі, бұл қылмыс ерекше бақылауға алынды. Зардап шеккен азаматтар қылмыскердердің түрлерін де көрмей қалған. Олар бетперде киіп, шабуыл жасаған. Күдіктілердің біреуі маусымның 13-інде қолға түссе, қалғаны 14-15-сі күндері ұсталған болатын", - дейді С.Күсетов. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, онда 8 жылдан артық бас бостандығынан айырылуы әбден мүмкін.

Айта кетейік, ағымдағы жылы мамырдың 18-і күні "Ертіс" футбол клубының басшылығына шабуыл жасалған болатын. Лифттен шығар жолда клубтың техникалық директоры Болат Ысқақов пен бас директор Хәлімжан Ержановқа белгісіз біреулер жабылып, соққыға жыққан. Соның салдарынан Б.Ысқықов басынан қатты жарақат алды. Ал Х.Ержанов аурухана қызметінен бас тартты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай