Есіктегі зорлау оқиғасы: Оқиға орнында болған полицейлер жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есіктегі зорлау оқиғасы: Оқиға орнында болған полицейлер жазаланды © Tengrinews.kz

Есікте қызды жаппай зорлау кезінде болған полицейлер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есікте қызды жаппай зорлау кезінде болған полицейлер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызметтік тексеріс барысында қыздың туыстары шағымданған Енбекшіқазақ аудандық ІІБ бірнеше қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ведомстводағылардың мәліметінше, Алматы облыстық ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасындағылар тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Тексерістердің нәтижесінде Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ-нің бірнеше қызметкерінің жұмыстан босатылуына қатысты мәселелер шешілуі мүмкін.

Еске салайық, бұл оқиға жайлы таяуда белгілі болды. Зорланған қыздың туыстары әлеуметтік желілерде оны 14 тамызға қараған түні кафеден бауырымен бірге шыққан сәтінде біреулердің ұрлап әкеткенін хабарлаған еді. Оларға төрт адам шабуылдаған делінеді, екеуі қызды көлікке күштеп отырғызса, тағы екеуі бауырына шабуылдаған. Осыдан кейін бауыры оқиға жайлы туыстарына айтып, кейін олар іздестіріп, қыз жатқан көлікті тауып алған. 

Өз кезегінде ІІД өкілдері бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша тергеудің жүріп жатқанын хабарлады. "Қазіргі уақытта оқиға орнында Алматы облыстық ІІД тергеушілері мен қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Барлық төрт күдікті анықталды. Екеуі ұсталды. Тағы екеуі іздестіріліп жатыр. Қылмыстық іс бірнеше бап бойынша қозғалды. Адам ұрлау және зорлау ісі бойынша. Күдіктілердің әрекетінде өзге де қылмыс түрі бар болуы мүмкін. Тергеу ІІД басшылығының ерекше бақылауында", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети