Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Есікте қызды жабылып зорлады деген екі күдікті ұсталды - ІІД 20 тамыз 2016, 16:36

Қызды зорлады деген тағы екі адам іздестіріліп жатыр.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Полиция Есікте қыз ұрлау және зорлау дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады. 

Жалғасы

Бұл оқиға жайлы таяуда белгілі болды. Зорланған қыздың туыстары әлеуметтік желілерде оны 14 тамызға қараған түні кафеден бауырымен бірге шыққан сәтінде біреулердің ұрлап әкеткенін хабарлаған еді. Оларға төрт адам шабуылдаған делінеді, екеуі қызды көлікке күштеп отырғызса, тағы екеуі бауырына шабуылдаған. Осыдан кейін бауыры оқиға жайлы туыстарына айтып, кейін олар іздестіріп, қыз жатқан көлікті тауып алған. 

Өз кезегінде ІІД өкілдері бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша тергеудің жүріп жатқанын хабарлады. "Қазіргі уақытта оқиға орнында Алматы облыстық ІІД тергеушілері мен қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Барлық төрт күдікті анықталды. Екеуі ұсталды. Тағы екеуі іздестіріліп жатыр. Қылмыстық іс бірнеше бап бойынша қозғалды. Адам ұрлау және зорлау ісі бойынша. Күдіктілердің әрекетінде өзге де қылмыс түрі бар болуы мүмкін. Тергеу ІІД басшылығының ерекше бақылауында", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.


Join Telegram