НАУРЫЗДЫҢ ТОЙЛАНУЫ. 21 НАУРЫЗ

Есікте бір қызды жабылып зорлады деген төртінші күдікті ұсталды - ІІД

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматы облысындағы Есікте қыз зорлады деген төртінші күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысындағы Есікте қыз зорлады деген төртінші күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Есікте жаппай қыз зорлады деген күдікті кеше, 24 тамызда ұсталды. Оның есімі Нұрбол, 1992 жылғы. Күдікті өз туысқандарының үйінде жасырынып келген. Ол Орталық Қазақстанның тумасы, өзі Еңбекшіқазақ ауданында тұрып келген. Қазіргі уақытта ол Еңбекшіқазақ аудандық уақытша ұстау изоляторында. Сонымен қатар, іске қатысы бар екі әйелді анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, олар - Мария мен Юлия, олар шамамен 30 жаста. Олар бұл іске куәгер ретінде тартылады", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері. 

Еске салайық, бұл оқиға жайлы таяуда белгілі болды. Зорланған қыздың туыстары әлеуметтік желілерде оны 14 тамызға қараған түні кафеден бауырымен бірге шыққан сәтінде біреулердің ұрлап әкеткенін хабарлаған еді. Оларға төрт адам шабуылдаған делінеді, екеуі қызды көлікке күштеп отырғызса, тағы екеуі бауырына шабуылдаған. Осыдан кейін бауыры оқиға жайлы туыстарына айтып, кейін олар іздестіріп, қыз жатқан көлікті тауып алған. Өз кезегінде ІІД өкілдері бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша тергеудің жүріп жатқанын хабарлады.

Полициядағылардың айтуынша, қылмыстық іс материалдарында күдікті ретінде 22-29 жас аралығындағы төрт адам бар. Олардың бірі Алматы қаласының тұрғыны. Олардың үшеуі ұсталып, Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалған. Төртіншісі енді ұсталып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer