19 қазан 2016 10:50

Есікте қызды жабылып зорлады деген күдіктілерге қатысты сот отырысы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есік қаласының Еңбекшіқазақ аудандық сотында Жібек Мусинаны зорлады делінген күдіктілерге қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Сотқа төрт ер адам қатысып отыр. Сот отырысы жабық тәртіпте өтіп жатыр.

Еске салайық, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны өз қызын төрт ер адамның зорлап кеткенін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, қызын 14 тамызға қарағанда белгісіз біреулер зорлаған. Бұл оқиға қыз бен оның бауырының кафеде мерекені тойлаудан шыққан кезінде болған. Төрт жігіт қыздың бауырын ұрып-соғып, қыздың өзін күштеп көлігіне отырғызып, алып кеткен. 

Қылмыстық істе күдікті ретінде 22-29 жас аралығындағы төрт адам бар, олардың бірі Алматы тұрғыны. Қызды топ болып зорлады деген күдікке ілінген адамдарға Қылмыстық кодекстің төрт бабы бойынша айып тағу қарастырылған. Алматы облыстық ІІД өкілдері төрт күдіктіге зорлау, адам ұрлау, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық және бұзақылық баптары бойынша айыптың тағылып отырғанын атап өтті.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети