Есікте қызды жаппай зорлау кезінде болған полицейлер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Есікте қызды жаппай зорлау кезінде болған полицейлер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызметтік тексеріс барысында қыздың туыстары шағымданған Енбекшіқазақ аудандық ІІБ бірнеше қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ведомстводағылардың мәліметінше, Алматы облыстық ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасындағылар тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Тексерістердің нәтижесінде Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ-нің бірнеше қызметкерінің жұмыстан босатылуына қатысты мәселелер шешілуі мүмкін.
Еске салайық, бұл оқиға жайлы таяуда белгілі болды. Зорланған қыздың туыстары әлеуметтік желілерде оны 14 тамызға қараған түні кафеден бауырымен бірге шыққан сәтінде біреулердің ұрлап әкеткенін хабарлаған еді. Оларға төрт адам шабуылдаған делінеді, екеуі қызды көлікке күштеп отырғызса, тағы екеуі бауырына шабуылдаған. Осыдан кейін бауыры оқиға жайлы туыстарына айтып, кейін олар іздестіріп, қыз жатқан көлікті тауып алған.
Өз кезегінде ІІД өкілдері бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша тергеудің жүріп жатқанын хабарлады. "Қазіргі уақытта оқиға орнында Алматы облыстық ІІД тергеушілері мен қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Барлық төрт күдікті анықталды. Екеуі ұсталды. Тағы екеуі іздестіріліп жатыр. Қылмыстық іс бірнеше бап бойынша қозғалды. Адам ұрлау және зорлау ісі бойынша. Күдіктілердің әрекетінде өзге де қылмыс түрі бар болуы мүмкін. Тергеу ІІД басшылығының ерекше бақылауында", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.