18 қараша 2016 | 19:07

Есіктегі зорлау оқиғасы: Сарапшылардан қайта жауап алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жібек Мусинова © Тengrinews.kz Жібек Мусинова © Тengrinews.kz

Есіктегі зорлау оқиғасы бойынша, биологиялық және молекулярлы-генетикалық сараптаманы жүргізген мамандардан сұрау алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбекшіқазақ аудандық сотының залынан. Зардап шегуші тарап сараптама қорытындыларына сенімсіздік танытты.


Иконка комментария блок соц сети

Есіктегі зорлау оқиғасы бойынша, биологиялық және молекулярлы-генетикалық сараптаманы жүргізген мамандардан сұрау алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбекшіқазақ аудандық сотының залынан. Зардап шегуші тарап сараптама қорытындыларына сенімсіздік танытты.

"Молекулярлы-генетикалық сараптама туралы айтсақ, ол біраз күдік туындатты. Бірінші сараптама айыпталушылардың барлығын көрсеткен, зардап шегушіден сол сперматазойдтар анықталды. Ал ДНҚ сараптамасы мұны байқамағандай болды. Жеке бізде молекулярлы-генетикалық сараптама күдік туындатады. Бірден екі сараптама жүргізу мүмкін емес, өйткені іс материалдары бірінші маманда болды. Молекулярлы-генетикалық сараптама біршама кеш тағайындалды. Соттық-биологиялық сараптама бесінші қыркүйек шамасында өткізілді, алайда молекулярлы-генетикалық сараптаманы жүргізген маман 31 тамызда іс материалдары қолында болған деп көрсеткен. Ал бұл мүмкін емес", - дейді зардап шегушінің қорғаушысы Айман Омарова.

Айта кетейік, мұның алдында ДНҚ сараптамасы тек бір ғана айыпталушының ДНҚ-сы табылғанын, ал қалған айыпталушылардың қатысы жоғын көрсеткен. Өз куәлігінде маман шешімін растаған болатын. 

Қорғаушы Омарованың айтуынша, келесі жұмада осы іс бойынша тағы сот отырысы өтеді.

Бүгін зорлау оқиғасына қатысты екінші тарап жаңа деректерді айтқан еді. Жібек Мусинаны зорлады делінген айыпталушылардың адвокаттары оларды толықтай ақтап алмақшы. Олардың айтуынша, қыз өз еркімен сотталушылардың бірімен жақын қарым-қатынасқа барған. 

Еске салайық, бұл оқиға тамыз айында болған еді. Зорланған қыздың туыстары әлеуметтік желілерде оны 14 тамызға қараған түні кафеден бауырымен бірге шыққан сәтінде біреулердің ұрлап әкеткенін хабарлаған болатын. Оларға төрт адам шабуылдаған делінеді, екеуі қызды көлікке күштеп отырғызса, тағы екеуі бауырына шабуылдаған. Осыдан кейін бауыры оқиға жайлы туыстарына айтып, кейін олар іздестіріп, қыз жатқан көлікті тауып алған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети