28 қыркүйек 2016 14:12

Есіктегі зорлау оқиғасы: Сараптама айыпталушылардың бірінің ғана қылмысқа қатысы барын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Молекулярлық-генетикалық сараптама Жібек Мусинаны зорлады делінген төрт айыпталушының тек біреуінде ДНҚ сараптамасы расталғанын көрсетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне зардап шегушінің адвокаты Айман Омарова хабарлады.


Молекулярлық-генетикалық сараптама Жібек Мусинаны зорлады делінген төрт айыпталушының тек біреуінде ДНҚ сараптамасы расталғанын көрсетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне зардап шегушінің адвокаты Айман Омарова хабарлады.

Сонымен қатар, зорланған қыздың адвокаты істің жаппай зорланды деп танылғанын айтып отыр. Оның айтуынша, бұл үшін жеткілікті дәлелдер жиналды. Ол істің сотка Еңбекшіқазақ аудандық прокуратурасы арқылы жіберілгенін айтып өтті. Қызды топ болып зорлады деген күдікке ілінген адамдарға Қылмыстық кодекстің төрт бабы бойынша айып тағу қарастырылған. Алматы облыстық ІІД өкілдері төрт күдіктіге зорлау, адам ұрлау, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық және бұзақылық баптары бойынша айыптың тағылып отырғанын атап өтті.

Еске салайық, зорланған қыздың туыстары әлеуметтік желілерде оны 14 тамызға қараған түні кафеден бауырымен бірге шыққан сәтінде біреулердің ұрлап әкеткенін хабарлаған еді. Оларға төрт адам шабуылдаған делінеді, екеуі қызды көлікке күштеп отырғызса, тағы екеуі бауырына шабуылдаған. Осыдан кейін бауыры оқиға жайлы туыстарына айтып, кейін олар іздестіріп, қыз жатқан көлікті тауып алған. 

Полициядағылардың айтуынша, қылмыстық іс материалдарында күдікті ретінде 22-29 жас аралығындағы төрт адам бар. Олардың бірі Алматы қаласының тұрғыны.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети