15 тамыз 2022 09:17

Есірткіге мас болған: Атырауда полицейлердің көлікті қуған сәті видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz

Атырауда полицейлер есірткіге мас күйде көлік жүргізген ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Атырауда полицейлер есірткіге мас күйде көлік жүргізген ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

13 тамызда сағат 21:03 шамасында Атырау қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция қызметкерлері кезекшілік кезінде Бейбарыс – Молдағұлова көшесі бойында мемлекеттік тіркеу белгісі жоқ және алдыңғы екі бүйір терезесі қараңғылатылған ВАЗ автокөлігін байқап, тоқтатпақшы болған. Алайда жүргізуші заңды талапқа бағынбай, тек Махамбет көшесінде кедергі келтіру арқылы тоқтатылады.

Көлік тізгінінде 33 жастағы қала тұрғыны болған. Тексеру кезінде жүргізушінің көлік құралын басқару құқығы жоқ екені және есірткі заттарын қабылдап, рөлге отырғаны белгілі болды.

"Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі ("Алкогольдік немесе есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық мас күйде көлік басқару"), 590-бабы 2-бөлігі ("Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару") және 613-бабы 1-бөлігі ("Полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамау") бойынша әкімшілік хаттама жасақталып, көлік құралы арнайы тұраққа қойылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети