25 тамыз 2018 17:47

ЭТҚ-ның тағы бір офицері ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі Жедел-іздестіру басқармасының аға офицерінің алаяқтық әрекеті әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахинге сілтеме жасап. 

Биыл 24 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің өкілдері Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметі Жедел-іздестіру басқармасының аға офицерінің алаяқтық әрекетін анықтады.

"Офицер оның өндірісінде бюджет қаражатының жымқырылуы жайлы қылмыстық істі тоқтатуды сылтауратып, ЖШС бас есепшісінен 1,5 миллион теңге ақша алған", - деп хабарлады Нұрлан Жахин.

Ол кінәсін мойындады.

Еске сала кетейік, мұның алдында Астана қаласы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің офицері пара алды деген күдікке ілінгені хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети