22 мамыр 2018 09:19

"Етін тістеп жұлып алған". Алматыда қызға шабуылдаған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

21 мамырда кешкі уақытта Instagram желісіндегі 112_kz, zhest_kz және басқаларында Алматыда ер адамның ұсталған видеосы пайда болды. 


21 мамырда кешкі уақытта Instagram желісіндегі 112_kz, zhest_kz және басқаларында Алматыда ер адамның ұсталған видеосы пайда болды. 

Видеоның сипаттамасында, жігіттің күндізгі уақытта мектеп жанында қызға шабуыл жасап, тістелеп, артынша қылғындырғаны хабарланған. Қыз бала қашып кеткен, ал содан кейін сол маңдағы тұрғындар бұзақының қолын қайырып ұстап алған. 

"Есерсоқ, қызға шабуыл жасады, мойнынан тістеп алды. Бір бөлігін тістеп алыпты. Жігіттер оны ұстап тұр. Бастан кеткен", - делінген видеодағы дауыста. Видеода полицейлер мен дәрігерлер және кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың қаумалап тұрғаны түсірілген. 

Осы жағдай туралы "Немолчи.kz" сексуалды зорлық зомбылыққа қарсы ұлттық қозғалысының ұйымдастырушысы Дина Смаилова Facebook желісінде жазды. "Бұл бүгін № 99 мектептің жанында болған оқиға дейді. Кім біледі? Нақтыланған мәлімет бар ма? Балаларға абай болыңыздар, қызды құтқарып қалғандарыңызға рақмет", - деді ол. 

 

 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети