Астанада "Еуразиялық банк" АҚ филиалының бұрынғы директоры сот алдына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада "Еуразиялық банк" АҚ филиалының бұрынғы директоры сот алдына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Еуразиялық банк" АҚ №5 филиалының директоры Мұрат Мұқанов пен осы филиалдың касса жетекшісі Ақмарал Меңдалиева сот алдында жауап беріп жатыр. Іс Астананың Есіл аудандық №2 сотында қаралып жатыр.
Мұрат Мұқанов ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабының 2-бөлігінің 2-пункті ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру"), 189-бабының 4-бөлігінің 4-пункті ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша
Ақмарал Меңдалиеваға ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша айып тағылған.
Еске сала кетейік, осыған дейін Еуразиялық банктің Астанадағы филиалында ақша өртенгені жайлы хабарланған болатын. Бұл оқиға көктемде болған.