Астананың Есіл аудандық №2 соты "Еуразиялық банк" АҚ-нің елордалық филиалының бұрынғы директоры Мұрат Мұқановқа және осы филиалдың бұрынғы касса жетекшісі Ақмарал Меңдалиеваға қатысты сот үкімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Мұрат Мұқанов 10 жылға сотталды.
Мұның алдында соттағылар Мұқановтың ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабының 2-бөлігінің 2-пункті ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру"), 189-бабының 4-бөлігінің 4-пункті ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша айыпталып отырғанын хабарлаған еді.
Ал Ақмарал Меңдалиеваға ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша айып тағылған.
Еске сала кетейік, осыған дейін Еуразиялық банктің Астанадағы филиалында ақша өртенгені жайлы хабарланған болатын. Бұл оқиға көктемде болған.