Евгений Рычков лаңкестік жайлы жалған мәлімет таратқаны үшін қамалды

16 Қаңтар 2015, 13:53
0
Евгений Рычков лаңкестік жайлы жалған мәлімет таратқаны үшін қамалды - ©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Бостандық ауданының №2 соты Алматы әкімдігіне кіріп, кабинеттерінің бірінде қамалып алған ер адамды қамауды санкциялады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады.

Евгений Рычков ҚР ҚК "Лаңкестік туралы қасақана жалған ақпарат тарату" бабы бойынша екі айға қамалды. Баспасөз хатшысының мәліметінше, ер адамды қамауға алу 2015 жылы 15 қаңтарда ІІД өтініші бойынша санкцияланды. Бұған дейін полиция өкілдері Рычковтың тонау бойынша сотты болғанын мәлімдеді. 

Еске сала кетейік, оқиға 13 қаңтарда болды. Бастапқы кезде Алматы әкімдігі қоршауға алынғаны белгілі болды, ал жолдың қарсы бетіндегі ғимараттарда орналасқан БАҚ өкілдері эвакуацияланды. Ер адам қалалық әкімшілік ғимаратына жарылғыш затпен келді делінді. Кейін полицейлер Рычковтың тәртіп сақшыларына берілгенін хабарлады. Жарылғыш зат туралы мәлімет расталмады.

Сол күні кеште БАҚ-тарда ер адамның бірнеше телеарнаға телефон соғып, өзін Евгений деп таныстырғаны хабарланды. Ол кәсіпкер болғанын, бұған дейін Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесінде қызмет еткенін айтты. Ұсталған ер адамның айтуынша, ол бұл әрекетімен осыдан бірнеше жыл бұрын шығарылған сот шешіміне наразылығын білдіргісі келген.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай