EXPO-2017 экс-басқарушы директоры Суламбек Баркинховтың қамаудағы мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
EXPO-2017 экс-басқарушы директоры Суламбек Баркинховтың қамаудағы мерзімі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Астананың №2 Алматы аудандық соты тергеушінің Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 176-бабының 4-бөлігінің "б" пунктінде қарастырылған қылмысты жасау бойынша күдікті Баркинхоев Суламбекке қатысты бұлтартпау шарасының мерзімін ұзарту туралы прокурор қолдауындағы өтініші қанағаттандырды", - делінген елорда сотының баспасөз хабарламасында.
Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі үшінші айға, яғни 17 қыркүйекке дейін ұзартылды.
"Астана ЭКСПО-2017"ҰК" АҚ басқарушы директоры Суламбек Баркинхоевтың қамауға алынғаны жайлы биылғы маусымда белгілі болды. Сол кезде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі оның "Астана ЭКСПО-2017"ҰК" АҚ қызметкерлеріне қатысты 214 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен қозғалған қылмыстық істі тергеу жұмыстары аясында ұсталғанын хабарлады.