09 наурыз 2017 | 16:57

"Феникс" фильмі. Жаманқұловтың ісіне қатысты жаңа деректер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Осымен бірнеше жыл бойы "Феникс" фильміне қатысты дау тоқтайтын емес. 2015 жылы белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов пен режиссер Талғад Жәнібеков ҚР Мәдениет және спорт министрін киноны түсіру жұмыстарына кедергі жасағаны үшін айыптаған еді. Олардың айтуынша, ведомство қаражатты дер кезінде аудармаған. Кино түсірушілер тіпті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдаған еді. Олар Президенттен осы жобаны қаржыландыруға қатысты мәселені шешуге көмек сұраған болатын. Ал кейінірек мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілеттігін асыра пайдалануларына қатысты тергеу жұмыстары басталды. 2016 жылы Талғад Жәнібеков ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын жемқорлық үшін айыптаған еді, алайда соңында режиссердің өзіне айыппұл салынды. Содан күз айында Жемқорлыққа қарсы қызметтің Тұңғышбай Жаманқұлов пен Талғад Жәнібековке қатысты тергеуді бастағаны белгілі болды. Оларға фильмді түсіруге бөлінген қаражатты жымқырды деген күдік келді. Кейінірек осы қылмыстық іске қатысы бар басқа фигуранттардың бар екені белгілі болды.


Иконка комментария блок соц сети

Осымен бірнеше жыл бойы "Феникс" фильміне қатысты дау тоқтайтын емес. 2015 жылы белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов пен режиссер Талғад Жәнібеков ҚР Мәдениет және спорт министрін киноны түсіру жұмыстарына кедергі жасағаны үшін айыптаған еді. Олардың айтуынша, ведомство қаражатты дер кезінде аудармаған. Кино түсірушілер тіпті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдаған еді. Олар Президенттен осы жобаны қаржыландыруға қатысты мәселені шешуге көмек сұраған болатын. Ал кейінірек мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілеттігін асыра пайдалануларына қатысты тергеу жұмыстары басталды. 2016 жылы Талғад Жәнібеков ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын жемқорлық үшін айыптаған еді, алайда соңында режиссердің өзіне айыппұл салынды. Содан күз айында Жемқорлыққа қарсы қызметтің Тұңғышбай Жаманқұлов пен Талғад Жәнібековке қатысты тергеуді бастағаны белгілі болды. Оларға фильмді түсіруге бөлінген қаражатты жымқырды деген күдік келді. Кейінірек осы қылмыстық іске қатысы бар басқа фигуранттардың бар екені белгілі болды.


Тұңғышбай Жаманқұлов пен Наталья Юдина. Алдын ала сот отырысы кезіндегі суреттер / © Tengrinews


Гаухар Ысқақова мен Талғад Жәнібеков. Алдын ала сот отырысы кезіндегі суреттер / Tengrinews©

2017 жылдың 9 наурызында Тұңғышбай Жаманқұловтың ісіне қатысты сот отырысы басталды. Сот алдына 9 адам келді: Тұңғышбай Жаманқұлов, режиссер Талғад Жәнібеков, "Феникс" фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдина, Қазақфильм" АҚ экономика және қаржы жөніндегі атқарушы директоры Гаухар Ысқақова, картина редакторы Гизат Сұлтанов, жеке кәсіпкер Илья Коробейников, картинаның екінші режиссері Бижан Әбішев, "Феникс" фильмінің дайындығы кезінде түсірілім тобын басқарған директор Мәрлен Әбішев пен ЖШС өкілі Данияр Маратұлы Әбдіқадыров.

Tengrinews.kz редакциясы сот оқыған айыптау актісіне сүйене отырып, (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілердің нұсқасы бойынша) Тұңғышбай Жаманқұлов пен басқа фигуранттардың қалайша тергеуге тартылғанын айтып бермек:

Тергеу мәліметінше, 2012 жылы режиссер Талғад Жәнібеков Тұңғышбай Жаманқұловқа "Феникс" фильмін түсіру туралы идеясын айтқан. Сондай-ақ, сценарийді Талғад Жәнібеков пен Гизат Сұлтановтың (Joker фильмінің сценарийін жазған, 2013 жыл) жазғаны айтылады. Ол халық әртісінен осы жобаны іске асыру үшін мемлекеттік қаржыландыруды алуға көмектесуін сұраған. Содан Жаманқұлов көмек көрсетуге келіскен.

Бастапқыда Жаманқұлов Әбдіқадыров есімді адамды өзі басшылық еткен Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС директоры етіп тағайындаған. Тергеу мәліметінше, компанияны негізінде Жаманқұловтың өзі басқарған, ал Әбдіқадыров бухгалтерлік және басқа да құжаттарға қол қойып отырған.

Сондай-ақ, тергеу анықтағандай, халық әртісі ұлттық фильмдердің өндірісі бойынша мемлекеттік тапсырысты тек "Қазақфильм" АҚ орындайтынын білген және ол акционерлік қоғамнан ақшаны тек қосалқы мердігерлік ұйымның алатынын білді. Осылайша Тұңғышбай Жаманқұлов 2013 жылдың сәуір айында Сұлтановпен, Жәнібековпен және Әбдіқадыровпен келісімшарт жасасқан. 

"Жаманқұлов ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Мәдениет комитетінің ұлттық фильмдернің 2017 жылға арналған жоспарына "Феникс" киножобасын қосып жіберген", - делінген айыптау актісінде.

2014 жылдың наурыз айында ведомство ішінде "Феникс" фильмі бар тақырыптық жоспарды бекіткен. Онда фильмді өндіруге 550 миллион теңгенің бөлінетіні көрсетілген. Сондай-ақ, сол жылы "Қазақфильм" АҚ мемлекеттен фильмдерді өндіруге екі миллиард 155 миллион 122 мың теңге алғаны анықталды. Бұл сомаға "Феникс" фильмінің алдын ала түсірілімдеріне жұмсалатын 100 миллион теңге де бар.

Тергеу мәліметінше, Жаманқұлов 2014 жылдың мамыр айында мемлекеттік қаржыны жымқыру ісіне Талғад Жәнібековті, Гизат Сұлтановты және Наталья Юдинаны тартқан. Жемқорлыққа қарсы қызметтегілер анықтағандай, Жаманқұлов өзін "Феникс" фильмінің бас продюсері етіп тағайындаған. Жәнібеков - кинокартинаның режиссері, Юдина фильмнің атқарушы продюсері болса, Сұлтанов фильмнің редакторы қызметіне келген.

"Осылайша, Жаманқұлов мемлекеттік қаржыны жымқыруды ұйымдастырумен қатар, жоғарыда көрсетілген қызметкерлерге міндеттерін айтып отырған. Яғни, Жаманқұлов оларға қажетті ақшаны қалай және қай уақытта, қалай жұмсау керек екені жайлы түсіндіріп отырған. Өз кезегінде Жәнібеков, Сұлтанов, Юдина пайдакүнемдік ниетпен осы іске қатысуға келісімін берген. Олар Тұңғышбай Жаманқұловпен алдын ала келісімге келіп, оған мемлекеттік қаражатты жымқыруға көмектескен", - делінген айыптау актісінде.

Тергеу анықтағандай, Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС 2014 жылдың 17 наурызынан 2015 жылдың 2 сәуіріне дейін "Қазақфильмнен" "Феникс" фильмінің түсірілімдеріне 79,1 миллион теңге алған.

Сонымен қатар, Жемқорлыққа қарсы қызметтегілер Жаманқұловтың компаниясының фильмнің дайындық мерзімін уақтылы түсірмегенін анықтады. Тергеу мәліметінше, халық әртісі атқарылған жұмыстардың жалған актісін дайындап, сол құжатты Юдинаға тапсырып отырған.

"Қазақфильм". Атқарылған жұмыстардың жалған актісі.

Тергеу мәліметінше, Жаманқұлов "Қазақфильм" қызметкерінсіз ешқандай да жоспарын жүзеге асыра алмайтынын білген. "Жаманқұлов анықталмаған себептерсіз осы қылмыстық іске Гаухар Ысқақованы ("Қазақфильм" АҚ экономика және қаржы жөніндегі атқарушы директоры) тартқан", - делінген айыптау актісінде.

Тергеу мәліметінше, Гаухар Ысқақова есептегі жұмыстардың ешқайсысы орындалмаса да, атқарылған жұмыстардың актілеріне қол қойып отырған. Осылайша, тергеу TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС-тың  "Феникс" фильмін түсіруге қаржыны дер кезінде және толық төлеуіне қарамастан келісім бойынша қажетті жұмыстарды атқармағанын анықтады.

Ақшалар қалай қолма-қол ақшаға айналдырылған?

Тергеу мәліметінше, Юдина жеке кәсіпкерлердің компанияларын тауып, сол арқылы TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС ақшасы жұмсалған. Тергеу қызметіндегілер Жаманқұловтың Юдинаға ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, фильм түсірілімдеріне түскен алты миллион теңгені өзіне жіберуді тапсырған. Осылайша Юдина компаниядан 5,6 миллион теңге алып шыққан.

"Жаманқұловтың тапсырмасын орындау мақсатында, Юдина танысы - "Alma Store" ЖШС директоры Мәрлен Әбішевті шақырған", - делінген айыптау актісінде. Содан олар келісімшарт жасасқан. Тергеушілер Мәрлен Әбішевтың осы қызметі үшін миллион теңгеге жуық ақша алғанын анықтады. Кейінірек Юдина одан тағы бір компания тауып беруін сұраған.

Содан сотқа дейінгі тергеу барысында Мәрлен Әбішевтің өтемақы ретінде осы соманың 7 пайызын өндіріп алғаны және "АлекШ" ЖШС жалған кәсіппен айналысатын ұйымның жалған бухгалтерлік құжаттарын алғаны анықталды. Яғни, 2017 жылдың тамыз-қыркүйек айында тауар қызметтеріне 1,3 миллион теңге жұмсалған. Тергеу мәліметінше, осы соманың 940290 теңгесі өтемақы үшін кетсе, қалған 1,2 миллион теңге Жаманқұловтың сейфында тұрған.

Сондай-ақ, тергеу мәліметінше, Мәрлен Әбішев осы көмегі үшін шамамен 1,4 миллион теңге алған. 

Ал ақшаның келесі бір бөлігін Юдина тағы бір танысы - Юрий Коробейниковтың көмегімен қолма-қол ақшаға айналдырған. Ол қазіргі уақытта күдікті ретінде жүр. Сонымен қатар, Юдинаның сотқа дейінгі тергеу барысында "Skarabei studio" компаниясының басшысынан қанша ақша алғаны анықталды. Тергеу мәліметінше, Коробейников осы сомадан көмек көрсеткендерге 3,9 миллион теңге берген. Ал 2,3 миллион теңге есепші Жүнісова мен Жаманқұловтың сейфінде тұрған.

Жемқорлыққа қарсы қызметтегілер Юдинаның жекеменшік жүргізуші арқылы компанияның 659 мың теңгесін жұмсағанын анықтаған. Ол жүргізушіге 300 мың теңге беріп, қалғанын есепшіге қалдырған. Тергеу мәліметінше, қалған 717 мың теңгені Жүнісова қолма-қол ақшаға айналдырған. Барлық қаражат Жаманқұловтың сейфінде тұрған.

Қызметкерлердің жалақысы.

Тергеу мәліметінше, қалған қаражат Юдинаның, Жәнібековтің, Сұлтановтың және "Феникс" фильмнің директорының жалақысы ретінде саналған.

Режиссер Талғад Жәнібеков жалақы алып тұрған, бірақ іс жүзінде ешқандай да міндеттерді атқармаған. Сондай-ақ, Жәнібековтің іссапарлары мен Алматыда пәтер жалдауына да қаражаттың жұмсалғаны айтылады.

Ал сценарий авторы Гизат Сұлтанов жайлы айтатын болсақ, тергеу мәліметінше, ол бостан босқа жалақы алып отырған. Сұлтанов ресми түрде кинокартина редакторы болып көрсетілген. Сондай-ақ, Юдина Жаманқұловтың бұйрығымен Сұлтановтың әйелін режиссердің көмекшісі қызметіне алған. Ол Сұлтановтың жалақасын өсіру мақсатында жасалған болып шықты. Алайда, тергеу мәліметінше, оның әйелі халық әртісінің компаниясында жұмыс істеп жүргенін білмеген. Жұмысқа алу туралы өтініші Сұлтановтың өзі жазған.

Сондай-ақ, тергеу қызметіндегілер Юдинаның да міндеттерін орындамағанын анықтады. Ол Жәнібековке туысы арқылы қосымша ақша аударып отырған. Тергеу мәліметінше, Юдина туысының атынан компанияға режиссердің көмекшісі болатыны жайлы келісімшарт жасасқан. Сотқа дейінгі тергеу барысында әйелдің ақшаның барлығын Юдинаға беріп отырғаны анықталды.

Ал қаражаттың келесі бір бөлігін Юдина қызметкердің бірінің атынан қолма-қол ақшаға айналдырған. Кейінірек тергеу мәліметінше, Юдина өзінің екінші бір танысы Бижан Әбішевті екінші режиссер қызметіне алған. Ол да қазірі уақытта осы істен күдікті ретінде өтіп жатыр. Басқа фигуранттар сияқты Бижан Әбішев те қызметтерін орындамаған. 

Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу барысында өз міндеттерін атқармаған Жаманқұловтың жүргізушісіне жалақының беріліп отырғаны анықтады. Тергеушілер бірақ қаражаттың Жаманқұловтың іссапарларына жұмсалғанын анықтады.

Осы істегі тағы бір күдікті - Данияр Әбдіқадыров. Тергеу мәліметінше, ол Юдинаның танысы болған. Айыптау актісінде көрсетілгендей, ол әйелінің атына тіркелген "Addvanced studio" компаниясы арқылы мемлекеттік қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған. Тергеу мәліметінше, осы компания мен Жаманқұловтың компаниясы трейлер мен графикалық элементтер жасау үшін келісімшарт жасасқан. Әбдіқадыровтың әйелінің айтуынша, ол бұл туралы білмеген де. Тергеу мәліметінше, "Addvanced studio" жеке компаниясына 14,5 миллион теңге аударылған. Данияр Әбдіқадыров болса, бұл қаражатты жеке мүддесіне жұмсаған. Сотқа дейінгі тергеу барысында Әбдіқадыровтың осы картинаның супервайзер болғаны және сол үшін 26 мың теңге алғаны анықталды.

Содан тергеу мәліметінше, Юдина 102 адамға 21 миллион теңгеден аса ақша аударған. Қалған соманы - 2,1 миллион теңгені есепші Жүнісова Жаманқұловтың бұйрығымен шешіп алған. Олардың 300 мың теңгесі фильмге қатысы жоқ заңгерге аударылған. Ал 1,8 миллион теңге сейфке салынған. Сотқа дейінгі тергеудің басталуына байланысты Жаманқұлов бұл қаражатты қолданып үлгермеген. Тергеу мәліметінше, Жүнісова қылмыстық істің басталғанын біле сала, қаражаттың барлығын ЖШС есебіне аударған.

Осылайша, Тұңғышбай Жаманқұлов, Наталья Юдина, Талгад Жәнібеков, Гизат Сұлтанов, Гауһар Ысқақова ҚР Қылмыстық кодексінің "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi аса iрi мөлшерде қылмыстық топ болып иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бабы бойынша күдікті болып отыр.

Илья Коробейников, Мәрлен Әбішев, Бижан Әбишев, Данияр Әбдықадыров ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы, 189-бабының 5-бөлігі және 4-бөлігі бойынша айыпталып отыр.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 2 қарашасында қазақстандық актер Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталған болатын. Тергеудің мәліметінше, "Қазақфильм" АҚ-ның "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ға фильмнің өндірісіне 79 миллион теңге бөлгені анықталған. "Оның 69 миллион теңгесін картина продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов жымқырған. Ол - "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ның құрылтайшысы", - делінген еді хабарламада.

Ал кейінірек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" фильмінің түсіріліміне бөлінген қаражатты жымқыру бойынша қылмыстық істің тергеуін аяқтаған болатын. 

Тұңғышбай Жаманқұлов түсіруі тиіс болған "Феникс" фильмі не жайлы?

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети