12 наурыз 2014 12:51

Француз маманы Шымкенттегі дуадақ өсіруге бөлінген ақшаны жеп қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Шымкентте Франция азаматы ірі көлемде ақша ұрлады деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті мамандарының хабарлауынша, 59 жастағы шетел азаматы өңірде дуадақ өсірумен айналысатын фирмада жұмыс істеген. Ол аса білікті маман ретінде жұмысқа шақырылған. Күдікті дуадақ өсіруге бөлінген 85 мың долларға жуық қаржыны өз қажеттіліктеріне және ойын-сауық үшін жұмсапты. Аудиторлық тексеру таяған кезде бұл қылмысын жасыру үшін қаражатты әлдекім ұрлап кеткендей кейіп танытқан. Бухгалтерия кеңсесіне кіріп, сейфтен 100 мың доллардан астам және 400 мың теңгеден астам қаржыны алып, бөлменің астан-кестенін шығарады, терезені ашып, есікті жабады да, ізін жасырады. Жедел шаралар барысында полицейлер бірнеше нұсқаны қарастырған. Күдік бірден фирма қызметкерлерінің өзіне түседі. Тәртіп сақшылары сейфтен ұрылардың бұзып ашу әрекеттерінің ізін таппайды. "Ер адам Оңтүстік Қазақстан полицейлерінің кәсіпқойлығын бағаламаған болуы керек, сейфтен ақшаны алған адамды таба алмайды деп ойлапты", - дейді ішкі істер департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының жетекшісі Салтанат Қаракөзова. Франция азаматы айғақ заттармен қолға түсті, одан көп ақшасы бар сөмке табылды. Бұл дерек бойынша "Ұрлық" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті тұтқындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети