03 тамыз 2022 | 09:27

Грузияда қайтыс болған Әсел Айтбаеваға қатысты істің мән-жайы айтылды

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қыдырбек Әлқожаев қаза тапқан 26 жастағы Әсел Айтбаеваның Грузия азаматы Бесик Тордуаға сатылуы бойынша істің мән-жайын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қыдырбек Әлқожаев қаза тапқан 26 жастағы Әсел Айтбаеваның Грузия азаматы Бесик Тордуаға сатылуы бойынша істің мән-жайын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот жабық түрде өтті. 56 жастағы Мейірбековке зорлау және адам саудасы, Грузия азаматы Бесик Тордуаға зорлау және қол жұмсауға итермелеу бойынша айып тағылған.

Сот мәліметінше, айыптау үкімі тек сотталушының айғақтарына ғана емес, сонымен қатар жәбірленушілерге, куәгерлерге, сараптамалық қорытындылар мен іс бойынша объектив дәлелдерге де негізделген.

"Сот Мейірбеков жәбірленуші Әсел Айтбаеваға айына 500 доллар жалақымен Грузияда жұмыс ұсынып, оның Қазақстаннан Грузияға ұшуына ықпал еткенін анықтады. Рустави қаласында жалға алынған пәтерде Мейірбеков пен Айтбаева ішімдік ішіп, кейін Айтбаева ұйықтап қалған. Оның бұл жағдайын пайдаланып, Мейірбеков жәбірленушіні еркінен тыс зорлаған.

Кейін Мейірбеков пайда табу мақсатында, оған көмектескен Грузия азаматы Бесик Тордуаға Әсел Айтбаевны "сыйлауды" шешті. Тордуа жауап ретінде Мейірбековке одан әрі толық көмек көрсетуге уәде берді, яғни онымен келісімге келді", - деді Әлқожаев.

Сот мәліметінше, артынша Әсел Айтбаева өзіне тағы да зорлық-зомбылық жасамас үшін 9-қабаттағы терезеден секіріп, сол жерде жан тапсырған. Айыпталушы соттың өзіне тағылған әрекетте кінәлі екеніне күмәні жоғын айтты.

Сот кінәліге балаларының бар-жоғын ескере отырып жаза тағайындады.

Еске салсақ, Айтбаеваның алыс туысы Мұрат Мейірбеков Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігі "Зорлау" бойынша 5 жыл 3 айға, ал 128-бабы 4-бөлігі 2-тармағы "Адам саудасы" бойынша 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Ішінара толықтырумен Мейірбеков қылмыстық-атқару жүйесінің ең қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеумен 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, марқұмның анасы мен әкесінің пайдасына Мейірбековтен моральдық шығынды өтеу ретінде әрқайсысына 5 миллион теңге өндірілмек.

Грузиядағы қазақстандық қыздың өлімі: БАҚ жаңа мәлімет жариялады

26 жастағы Әсел Айтбаева былтыр 5 мамырда Грузияда тұрғын үй ауласында денесі табылды. Өлім алдында ол досына аудио хабарлама жіберген, онда ер адамның оны зорлықпен қорқытып жатқанын айтқан. Бұл іс бойынша ұсталған Тордуа кейін түрме ауруханасында қайтыс болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети