09 мамыр 2021 11:32

Грузиядағы қазақстандық қыздың өлімі: БАҚ жаңа мәлімет жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тбилисиде үйінен өлі табылған Әсел Айтпаева екі рет зорлық-зомбылық құрбаны болған болуы мүмкін. Бұл нұсқаны Грузиядағы БАҚ өкілдері ұсынды, - деп хабарлайды Sputnik Грузия.


Тбилисиде үйінен өлі табылған Әсел Айтпаева екі рет зорлық-зомбылық құрбаны болған болуы мүмкін. Бұл нұсқаны Грузиядағы БАҚ өкілдері ұсынды, - деп хабарлайды Sputnik Грузия.

Грузия телеарналары 26 жастағы қазақстандық әйел мен оның өліміне күдікті Бесик Тордуаның әңгімесінің жазбасын жариялаған. Телеарна мәліметіне сүйенсек, ер адам қызды қорлап, өзін-өзі өлтіруге мәжбүр еткен. Жазбада оның қызды ұрып жатқаны да естіледі.

БАҚ мәліметі бойынша, сол жазбада Әсел Айтпаева өзін Мұрат есімді ер адам зорлағанын айтқан.

Журналистер ақпараты бойынша, Formula телеарнасы Тбилисиде Айтпаевамен таныс болғандар арасында Мұрта Мейрбеков есімді қазақстандық азамат бар екенін анықтаған. Ол қыз жұмыс істеген фирманың иесі. Қазіргі уақытта ол Грузиядан кетіп қалған. Сондай-ақ, телеарна мәліметіне сүйенсек, "қызды Рустави қаласында бірге тұрған туыстары Мейірбековқа сатып жіберген".

Rustavi 2 телеарнасы мәліметі бойынша, туыстарынан зорлық-зомбылық көрген қыз 57 жастағы күдіктінің үйіне көшіп барған.

Қазіргі уақытта ол қамауға алынған. Іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін Грузияда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаеваның жұмбақ жағдайда қайтыс болғаны хабарланған еді. 

Марқұмның әпкесінің сөзінше, Әсел қайтыс болар алдында құрбысына аудиохабарлама жіберіп үлгерген. Аудиода белгісіз ер адамның оған қоқан-лоқы көрсетіп жатқаны естіледі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети