Тбилиси қалалық соты 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаеваны зорлап, өз-өзін өлтіруге итермеледі деп айыпталған азаматқа қатысты бұлтартпау шарасы ретінде тұтқынға алу жазасын таңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Грузия басылымына сілтеме жасап.

Іс бойынша алдын ала тыңдау 23 маусымда өтеді. Бұл жыныстық қылмыс болғандықтан сот отырыстары жабық есік жағдайында өтеді және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуына тыйым салынады.
Еске салайық, бұған дейін Грузия прокуратурасы 5 мамырда Тбилисиде өзіне қол салған 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаеваның зорланғанын мәлімдеген болатын. Прокуратураның хабарлауынша, қыздың зорланғаны тергеу барысында анықталды, күдікті оны өлтіремін деп қорқытқан. Осы себепті де қыз өзіне қол салған.
Марқұмның әпкесінің сөзінше, Әсел қайтыс болар алдында құрбысына аудиохабарлама жіберіп үлгерген. Аудиода белгісіз ер адамның оған қоқан-лоқы көрсетіп жатқаны естіледі.
Күдікті 6 мамырда қамауға алынды. Прокурорлардың айтуынша, егер күдіктінің қылмысы дәлелденсе, ол 8-10 жылға сотталады. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіндегілер Әселдің денесін елге жеткізуге көмектесетінін айтты.
БАҚ мәліметтерінде Әсел Айтбаеваның Грузияға жұмыс істеу үшін сәуірде барғаны айтылады. Бастапқыда ол Рустави қаласында туыстарымен тұрған, ал екі апта бұрын Тбилисиге көшіпті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!