08 мамыр 2021 11:17

Грузияда қайтыс болған қазақстандық қыз зорланған - прокуратура

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/assel_ayt Фото: instagram.com/assel_ayt

Грузия прокуратурасы 5 мамырда Тбилисиде өзіне қол салған 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаеваның зорланғанын мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Грузия прокуратурасы 5 мамырда Тбилисиде өзіне қол салған 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаеваның зорланғанын мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокуратураның хабарлауынша, қыздың зорланғаны тергеу барысында анықталды, оны өлтіремін деп қорқытқан. Осы себепті де қыз өзіне қол салған.

Күдікті 6 мамырда қамауға алынды. Грузия Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Прокурорлардың айтуынша, егер күдіктінің қылмысы дәлелденсе, ол 8-10 жылға сотталады.

Бұған дейін Грузияда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаеваның жұмбақ жағдайда қайтыс болғаны хабарланған еді. 

Марқұмның әпкесінің сөзінше, Әсел қайтыс болар алдында құрбысына аудиохабарлама жіберіп үлгерген. Аудиода белгісіз ер адамның оған қоқан-лоқы көрсетіп жатқаны естіледі. 

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіндегілер Әселдің денесін елге жеткізуге көмектесетінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети