"Гүлнәр турдың" үстінен тағы 33 адам полицияға шағымданды

05 Қыркүйек 2014, 16:43
0
"Гүлнәр турдың" үстінен тағы 33 адам полицияға шағымданды - ©РИА Новости
©РИА Новости

"Гүлнәр тур" туристік компаниясының үстінен Өскеменнің 33 тұрғыны полицияға арызданды, - деп хабарлайды YK-news.kz. Турагенттікке қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Өскеменде бұл компанияның клиенттерге келтірген шығыны 13 млн теңге деп есептеліп отыр. Ал облыстық туризм басқармасына "Гүлнәр турға" қатысты барлығы 100-ге жуық адам шағымданған. Олардың көбі полицияға арыздану бекершілік, өйткені ақшаны қайтарып алу мүмкін емес деп отыр.

Айта кетейік, сот "Гүлнәр тур" компаниясын ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм комитетінің арызы бойынша 22 тамыз күні лицензиясынан айырған еді. Турфирма басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. Компанияның әрекетінен жүздеген клиент Түркиядағы демалысынан қағылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда "Гүлнәр тур" фирмасының қазақстандықтарға келтірген шығыны есептелген болатын. Прокуратураның мәліметінше, полицияға 35 адам арызданды. Келген шығын - 30 млн теңге. Фирма басшысы Әли Исмаилов әуеліде туристерге ақшаларын қайтарып беруге уәде еткенімен, кейін із-түссіз жоғалды. Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы оның жалған құжатпен шетелге қашып кетуі мүмкін екенін хабарлады.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай