29 наурыз 2021 13:13

Хакерлер қазақстандық компаниядан 300 миллион теңге жымқырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

ІІМ қазақстандық компания шоттарынан 300 миллион теңге ұрлау дерегіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ІІМ қазақстандық компания шоттарынан 300 миллион теңге ұрлау дерегіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу департаменті ірі АҚ шоттарынан 300 миллион теңгеден аса қаражат ұрлаған топқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Ұрлық жасады деген күдікпен үш адам анықталып, қамауға алынды", - деді ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Полицияның мәліметіне сүйенсек, Алматы тұрғындары ресейлік хакермен бірлесіп компанияның интернет-ресурсында 14 жалған парақша құрған. Осылайша ақпараттық төлем жүйесіне қол жеткізген.

"Бұдан кейін олар қайталанатын транзакциялар жасап, Қазақстан мен Ресейдегі екінші деңгейлі банктерден төлем карталарына, сондай-ақ қазақстандық байланыс операторларының абоненттік нөмірлеріне ақшаны заңсыз аударып отырған. Сондай-ақ, қаскүнемдер әртүрлі өңірдегі компания бөлімшелеріне қоңырау шалып, өздерін IT-бөлімінің бас маманы ретінде таныстырып, бағдарламаны жөндеу сылтауымен карточкалық шоттарды толықтыру бойынша заңсыз операциялар жүргізген (12 факт)", - деп толықтырды ІІМ өкілдері.

Құқық қорғау органдары айыпталушылар ұрлаған ақшаны қолма-қол ақшаға айырбастап, SIM карталарды сатып алумен, ұрланған ақшаны биткоиндерге айырбастау және оларды криптоәмияндарға аударумен айналысқанын хабарлады.

ІІМ мәліметіне сүйенсек, олар Қазақстан аумағында да, одан тыс жерлерде де заңсыз әрекеттерін жүзеге асырып, компания ақшасын иемденген.

"Тергеу жүргізіліп жатыр. Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарымен бірге қылмысқа қатысы бар топтың қалған мүшесін анықтау және ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр", - деп түйіндеді Әділов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети