13 желтоқсан 2021 16:53

Халықаралық іздеуде жүрген Қайырбеков ұсталды - ҚМА

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дастанбек Қайырбеков Дастанбек Қайырбеков

Нұр-Сұлтан қаласы Экономикалық тергеу департаменті екінші тергеу бөлімі бастығының экс-орынбасары, халықаралық іздеуде жүрген Дастанбек Қайырбеков ұсталғаны белгілі болды. Ақпаратты Қаржы мониторингі агенттігі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) елордадағы департаменті іздестіріп жатқан аумақтық департамент басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Дастан Қайырбеков ұсталды.

Оның үстінен қызмет бабын асыра пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр", - деді ведомство өкілі.

Қазіргі уақытта күдікті Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Айта кетейік, 2021 жылдың қазанында Ақмола облысының тумасы, 1984 жылы туған Қайырбеков Дастан Байтұрсынұлының жүрген жері туралы ақпарат бергендерге сыйақы жарияланғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети