18 желтоқсан 2014 | 08:26

Хромтауда аяусыз өлтірілген қыз туралы оқиғаның жай-жапсары белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайтыс болған Анжела Мұңайтпасова. ©rikatv.kz/diapazon.kz Қайтыс болған Анжела Мұңайтпасова. ©rikatv.kz/diapazon.kz

Хромтауда аяусыз өлтірілген қыз туралы оқиғаның жай-жапсары белгілі болды. Еске сала кетейік, өткен жексенбіде бір әке өзінің 11 жастағы қызын балталап, әйелін ауыр жарақаттады, содан кейін бесінші қабаттан секіріп кетті. "Диапазон" газетінің тілшілері оның 47 жастағы Серік Байарыстанов екенін анықтады. Ол - слесарь, құрылғы жөндеу жөніндегі маман болып жұмыс істеген. 


Иконка комментария блок соц сети

Хромтауда аяусыз өлтірілген қыз туралы оқиғаның жай-жапсары белгілі болды. Еске сала кетейік, өткен жексенбіде бір әке өзінің 11 жастағы қызын балталап, әйелін ауыр жарақаттады, содан кейін бесінші қабаттан секіріп кетті. "Диапазон" газетінің тілшілері оның 47 жастағы Серік Байарыстанов екенін анықтады. Ол - слесарь, құрылғы жөндеу жөніндегі маман болып жұмыс істеген. 

Оның әйелі асханада жұмыс істейді. Олардың төрт баласы болған: екі ұлы және екі қызы. Үлкен қызы - студент, Рудный қаласында оқиды. 

Бұл отбасының қайғысы туралы көптеген әңгіме тарады. Бесінші қабаттан секіріп өлген Байарыстановтың 21 жастағы қызы мен әйелінің сіңлісі сол күні олардың үйінде не болғанын айтып берді.

"Анжела өте жақсы қыз еді, оқуға деген ынтасы бар болатын, - дейді Серік Байарыстановтың әйелінің сіңлісі. - Отбасында да бәрі жақсы еді, екеуі де жұмыс істейтін. Сол күні олардың ұрысып қалуы туралы әңгіме жалған. Жанна түнгі ауысымнан келіп, ұйықтап жатты. 18 жастағы баласы моншаға кетті. Серік Анжелаға ақша беріп, дүкенге жұмсады. Содан кейін әпкеме балта ала жүгірді, ұйықтап жатқан кезінде ұрды. Сол кезде Анжела келіп қалған шығар, ол қашып кеткісі келген, себебі есіктің тұтқасы жұлынған еді. Серік көрші тұрған бес қабатты үйдің маңынан өлі күйінде табылды, құлап кеткен. Мойнына кабель оралыпты. Ол асылып өлгісі келген болуы керек, бірақ ол құлап кетті. Мәйітті тексерген дәрігерлер оның бауыры шіріп кеткенін айтты. Оны біреулер сектаға барып жүрді деді. Олай емес, Хромтауда ешқандай да секта жоқ. Мұндай әрекетке бару үшін қандай жыртқыш болу керек? Түсінбейміз. Әпкем комадан шықты, бірақ ол да ештеңе түсіндіріп бере алмайды деп ойлаймын". 

"Әкем соңғы жарты жылда ішімдік ішпеді, соңғы екі күнде ол демалды, - дейді 21 жастағы қызы Айгүл. - Қаншама өтірік әңгіме тарағанда қатты қиналдық. Сол үшін түсіндіргіміз келеді, осыны оқығандар шын мәнінде қалай болғанын білсін және тарап жатқан өсекке сенбесін".

"Эврика" газетінің мәліметінше, оқиға шамамен түскі сағат үште болған. Күйеуі таңертең ауысымнан келіп, түсте тұрған соң баласынан қайда кетіп бара жатқанын сұрайды. 16 жастағы жігіт досымен бірге моншаға баратынын айтып, әкесінен рұқсат сұрайды, содан кейін ақша алып, пәтерден шығып кетеді. Бірақ моншаға жетпей оған әкесі қоңырау шалып, туғандарын өлтіргенін және тезірек үйге қайтуын сұрайды. Әкесі бұл туралы көршісіне де айтып, жедел жәрдем шақыруды сұраған. 

"Болған оқиға біз үшін - орны толмас қайғы, - дейді қайтыс болған қыздың сынып жетекшісі Тұрсын Ержанова. - Бұл жағдайды ұмыта алмаймыз, сенгіміз келмейді... Анжеланың әкесін мен білемін - ол қызын күн сайын алып келіп, алып кетіп жүретін".

Туысқандарының айтуынша, Серік соңғы айларда жергілікті тәуіптен ем алып жүрген, сол бастан өзгеріп, тұйық бола бастаған.

11 жастағы Анжела мен оның әкесі 16 желтоқсан күні моланың екі жағына жерленді, екі бөлек жерде құран оқытылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети