ІІМ өкілдері БҚО-дағы взвод командирінің өліміне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ өкілдері БҚО-дағы взвод командирінің өліміне қатысты пікір білдірді

ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері БҚО-да аудандық ІІБ ауласындағы взвод командирінің өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

"Күдікті кінәсін мойындады. Алдын ала мәліметке сүйенсек, бұл қылмысқа ол өзінің жеке жақтырмаушылық ара-қатынасынан барған. Бұл іс ІІМ өкілдерінің бақылауында", - деп хабарлады Алмас Сәдубаев.

Ресми өкілдің айтуынша, Өзіндік қауіпсіздік департаменті мен ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілдерінен құралған арнайы комиссия Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы батальонының взвод командирінің өлімі бойынша жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, мұның алдында БҚО-да полицейдің взвод командирін атып өлтіргені хабарланған болатын. Облыстық ІІД өкілдерінің хабарына қарағанда, ІІБ территриясында ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 2-батальонының полиция сержанты (1994 жылғы) табель қаруымен ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 2-батальонының взвод командирін (1986 жылғы) атып өлтірген. Ол алған жарақатынан қаза тапты.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети