Ішіп алған ер адам көпшіліктің көзінше полицейлердің көлігіне дәрет сындырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішіп алған ер адам көпшіліктің көзінше полицейлердің көлігіне дәрет сындырған © Tengrinews

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер тоқтатқан көліктің жолаушысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен дауласып, намысқа тию үшін күш құрылымыдарының көлігіне дәрет сындырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға Бородулиха ауданында болған.

Іс материалдары бойынша, полицейлер аудан орталығында көлікті тоқтатқан. Жүргізуші мас көрінген. Ал көлікті тоқтатқан кезде жолаушысы да ішкен болып шықты. Содан жолаушы заңсыз тоқтатты деп полицейлермен дауласқан. Полицейлер әрекетін түсіндіріп болғанша, ол құқық қорғау органдарының көлігіне барып, оларды балағаттай бастаған. Бұзақыны полиция бөлімшесіне жеткізді. Ер адам ол жерде де былапыт сөздерін тоқтатқан жоқ және басын қабырғаға ұрған. 

Сотта ер адамға қатысты қылмыстық және әкімшілік айып тағылды. Заң өкілдерін балағаттағаны үшін ол 25 АЕК түрінде айыппұл төлейді және ұсақ бұзақылық үшін уақытша ұстау абақтысына 5 күнге қамалады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети