Александр Кузнецовты қорғаушы тарап жаза кесілген кезде заңбұзушылықтың болғанын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Александр Кузнецовты қорғаушы тарап жаза кесілген кезде заңбұзушылықтың болғанын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кузнецовтың адвокаты Алма Мусинаның айтуынша, олар соттың шешімен келіспейді және шағым түсіреді. Ол тергеу кезінде басқаша мәлімет берген Фроловтың сот соңғы мәліметтерін қабылдағанын айтты. Яғни, Фролов тергеу кезінде Мұратқалиевтің қолында пышақ болғанын айтса, сотта оның қолынан тек кесені көргенін мәлімдеген.
Екінші қорғаушы Джохар Өтебеков те сот шешім шығарған кезде бірнеше қателіктер мен заңбұзушылықтар болды деп есептейді. "Сот түсініксіз жағдайда Фроловтың өзгерткен мәліметін қабылдады. (...) Дамыған кез келген елде ең бірінші берілген түсінік, яғни істің ізі суымай тұрған кезде берілген мәліметтер пайдаланылады. (...) Сот шешіміндегі ең бір ерекше жағдай, яғни квалификацияны айтқым келеді. Өзіңді қорғау үшін тиісті шара қолдану алдын ала ойластырылған қылмысқа жатады екен. (...) Тергеуші "Абайсызда кісі өлтіру" бабын өзгертті, сот оны қабылдады. Біз абайсызда жасалған қылмыс жөнінде айтып отырмыз, әдейі жасалған емес. Өзін қорғау кезінде абай болу мүмкін емес нәрсе", - деді Өтебеков.
Еске сала кетейік, Алматыдағы "Чукотка" барындағы төбелес 2015 жылы 6 наурызда болған еді, төбелес кезінде Сырым Мұратқалиев қайтыс болды. Басты айыпалушы Александр Кузнецов бір жарым жылға сотталды.
Кейін қаза болған Сырым Мұратқалиевтің ағасы Дәулет Кузнецовты "Адам өліміне әкеп соқтыратын ауыр дене жарақатын салу" бабы бойынша жазаға тартуға қол жеткізетіндерін айтты.
Жәбірленуші тарап Александр Кузнецовтан 18 миллион теңге және үш пәтер талап ететіндерін мәлімдеді. Олар шығынды азаматтық тәртіппен алатындарын жеткізді.
29 маусымда болған соңғы сот отырысында Кузнецов соңғы сөзін айтты. "Тараптарды қатар тыңдау кезінде бәрі өз ретіне келді, істе ешқандай да дақ қалмады. (...) Тергеу тарапынан және прокуратура тарапынан да іс материалдарына қол қойылды, бұл олардың осыған келіскенін білдіреді. Іс материалдарында пышақпен шабуыл жасалғаны көрсетілген. Пышақ күдік туғызбайды. Менің әрекетім өзімді қорғау ретінде бағаланды", - деп мәлімдеді Кузнецов.