"Алқанов және компания" ЖШҚ президенті әрі "ЕурАзЭҚ-Қырғызстан" Іскерлік кеңесі" қауымдастығының басқарма төрағасы Райқан Алқановқа қастандық жасау ісі бойынша 16 жастағы қыз ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстанның Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Алқанов - "Қазатомөнеркәсіп" АҚ бұрынғы басшысының қайын атасы, Мұхтар Жәкішев - оның қызы Жәмиланың күйеуі.

Жауапкершілігі шектеулі қоғам президентіне 18 рет пышақ салды деген күдікпен Талас ауданында тұратын қыз ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, бойжеткен Алқанов өзін зорламақ болғаннан кейін оған пышақ салған. Жасөспірім ер адамға шабуыл жасағанын жоққа шығармайды. Ал Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бизнесмен ұсталған қызға қатысты куәлік етуден бас тартып отыр. Қазір милиция екеуінің арасында қандай байланыс болғанын тексеріп жатыр.
Тергеудің мәліметінше, Алқанов 25 қазан күні Таласқа жеке шаруалары бойынша келген. Кешкісін жүргізуші оны үйіне жеткізіп тастайды, ал таңертең оның пышаққа жығылғанын көреді. Ер адамға шабуыл жасалғаны туралы хабар Талас ішкі істер бөліміне 26 қазан күні сағат 10.00-де келіп түсті. Еске сала кетейік, "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішевке 2010 жылы мүлікті иемденгені және пара алғаны үшін 14 жылға сотталған еді. 2012 жылдары екінші қылмыстық іс бойынша оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Бірақ жалпы жаза мерзімі 14 жыл болып қалды.