27 қазан 2014 14:49

Мұхтар Жәкішевтің қайын атасына қастандық жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәсіпкер Райқан Алқанов ауруханаға түсті. ©Тengrinews.kz Кәсіпкер Райқан Алқанов ауруханаға түсті. ©Тengrinews.kz

Қырғызстанда "Алқанов және компания" ЖШҚ президенті әрі "ЕурАзЭҚ-Қырғызстан" Іскерлік кеңесі" қауымдастығының басқарма төрағасы Райқан Алқановқа қастандық жасалды, - деп хабарлайды "Вечерний Бишкек". Алқанов - "Қазатомөнеркәсіп" АҚ бұрынғы басшысының қайын атасы, Мұхтар Жәкішев - оның қызы Жәмиланың күйеуі.

Пышаққа жығылған қырғыз кәсіпкері Талас ауруханаларының біріне жатқызылды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Алқанов Таласқа 25 қазан күні жұмыс бабымен келіп, үйлердің біріне тоқтаған. Келесі күні таңертең ол жүргізушіге хабарласып, жедел жетуді сұрайды. Жүргізуші келген кезде пышақ жарақаттары бар Алқановтың керуетте жатқанын көріп, "жедел жәрдем" шақырады.

Тәртіп сақшылары бұл оқиға туралы дәрігерлерден естіді. Қазіргі уақытта оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Қылмыстық іс қозғала қойған жоқ. 

Еске сала кетейік, "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішев мүлікті иемденіп, пара алғаны үшін 2010 жылы 14 жылға сотталған еді. 2012 жылы ол екінші қылмыстық іс бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ жалпы жаза мерзімі 14 жыл болып белгіленді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети