Жамбыл облысы Мерке ауданында бала өлтірді деген күдікпен 55 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтағы Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, 17 мамырда сағат 00.45-те әйел адам хабарласып, төрт жасар баласының жоғалып кеткенін айтқан.

Оның айтуынша, 16 мамырда бала көшеде ойнап жүріп жоғалып кеткен. 17 мамыр күні таңда полицейлер үйіне жақын маңнан баланың денесін тапты. Бала өлімі бойынша ҚР Қылмыстық Кодекстің 99-бабының 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған ер адам 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полицейлер күдіктінің Қырғызстанда осыған дейін де сотты болғанын анықтады.
Еске сала кетейік, осыған дейін Маңғыстау облысында 8 жастағы қызды зорлап, өлтіріп кеткені хабарланған болатын. Қыздың жоғалғаны туралы ақпарат түскен бойда, іздестіру жұмыстарына шұғыл қызмет отряды жіберілді. "8 жастағы қыздың өліміне күдікті адамды біздің қызметкерлер сол түні ұстады. Ол осы ауылдың тұрғыны, 1988 жылы туылған. Қыздың денесі тап соның сарайының жанынан табылды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Зорлау дерегі тексеріліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала күдіктінің оның тыныс жолдарына топырақ салуының салдарынан көз жұмған. Өлімінің нақты себебін біздің криминалистер тағайындаған сараптама көрсетеді", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД басшысы Әлия Шермағамбетова. Қыздың туыстарының айтуынша, күдікті төрт рет үйленген. Қазіргі таңда оның әйелі мен үш баласы бар.