13 мамыр 2015 18:47

Маңғыстау облысында 8 жастағы қызды зорлап, өлтіріп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© old.vsluh.ru © old.vsluh.ru

Маңғыстау облысында 8 жастағы қызды зорлап, өлтіріп кетті, - деп хабарлайды Tumba.kz. Зорлау мен өлтіру оқиғасы Ақтаудан 285 шақырым жерде орналасқан Сай-Өтес ауылында болды.


Маңғыстау облысында 8 жастағы қызды зорлап, өлтіріп кетті, - деп хабарлайды Tumba.kz. Зорлау мен өлтіру оқиғасы Ақтаудан 285 шақырым жерде орналасқан Сай-Өтес ауылында болды.

Қыздың туыстарының айтуынша, осыдан бір күн бұрын ол үйдің ауласында серуендеп жүріп, кешке үйге оралмаған. "Оны іздеуге біздің бүкіл отбасымыз шықты. Ұзақ іздедік. Ол өлген күйі сарайдың жанынан табылды. Денесі топырақпен көміліпті. Біздің көргеніміз бойынша, оны зорлаған, кейін аузына топырақ салған, ол содан тұншығып өлген", - деді қыздың туысы Фатима Елубаева.

Полицейлер қыздың өлгенін растады. Қыздың жоғалғаны туралы ақпарат түскен бойда, іздестіру жұмыстарына шұғыл қызмет отряды жіберілді. "8 жастағы қыздың өліміне күдікті адамды біздің қызметкерлер сол түні ұстады. Ол осы ауылдың тұрғыны, 1988 жылы туылған. Қыздың денесі тап соның сарайының жанынан табылды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Зорлау дерегі тексеріліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала күдіктінің оның тыныс жолдарына топырақ салуының салдарынан көз жұмған. Өлімінің нақты себебін біздің криминалистер тағайындаған сараптама көрсетеді", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД басшысы Әлия Шермағамбетова. Қыздың туыстарының айтуынша, күдікті төрт рет үйленген. Қазіргі таңда оның әйелі мен үш баласы бар.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети