04 тамыз 2015 | 17:54

Жамбыл облысында ер адам 1 тоннадан аса қарасора шауып алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Таразда бір тоннадам астам қарасора жинаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰШҚ ресми сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Таразда бір тоннадам астам қарасора жинаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰШҚ ресми сайтына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Тараз шекара отрядының офицерлері 3 тамыз күні сағат 13.45 шамасында Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің есірткімен күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, Қырғызстан шекарасына жақын маңда есірткі шөбін шауып жатқан ер адамды ұстады. "1 тонна 170 келі шөп жабайы қарасора болып шықты", - деп жазылған ведомство хабарламасында. Ұсталған ер адамның 1965 жылғы екендігі анықталды. 

Еске салайық, осыған дейін Қызылорда облысында қарасора өсірген үш адам сотталған болатын. Сот үкімі бойынша қылмысты ұйымдастырған азамат 13 жылға, ал қалған екеуі 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Үшеуі де жазаларын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді, сонымен қатар олардың мүлкі тәркіленеді. "Үшеуі сораның көбін жұлып, арық бойына кептіруге жайып отырған кезде алқапқа полиция қызметкерлері барып, оларды ұстады. Сараптамалардың қорытындысына сәйкес сотталушыларды еріксіз түрде нашақорлықтан емдеу белгіленді. Бірақ үкім заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады Қызылорда облыстық соттың баспасөз қызметі.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети