Қызылорда облысында қарасора өсірген үш адам сотталды

06 Қаңтар 2015, 12:45
0
Қызылорда облысында қарасора өсірген үш адам сотталды - ©kzl.sud.kz
©kzl.sud.kz

Қызылорда облысында қарасора өсірген үш адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сот үкімі бойынша қылмысты ұйымдастырған азамат 13 жылға, ал қалған екеуі 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Үшеуі де жазаларын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді, сонымен қатар олардың мүлкі тәркіленеді. 

Қылмысты ұйымдастырушылардың бірі - бұрын сотталған азамат, ол өзінің танысымен көктемде елді мекеннен 95 шақырым жерге қарасора өсімдігін еккен. Жаз бойы 4895 түп қарасора алқабының арамшөптерін жұлып, күнделікті күтіп-баптаған. Кейін екеуі бұл іспен айналысуға тағы бір танысын шақырып, оны егер қарасораны сатуға көмектесетін болса ірі мөлшерде пайда табатынын айтып сендіреді.

"Сөйтіп үшеуі сораның көбін жұлып, арық бойына кептіруге жайып отырған кезде, алқапқа полиция қызметкерлері барып, оларды ұстады. Сараптамалардың қорытындысына сәйкес сотталушыларды еріксіз түрде нашақорлықтан емдеу белгіленді. Бірақ үкім заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың қараша айында Алматыда интернет-банкинг пен төлем терминалдары арқылы есірткі сатылғаны хабарланған болатын. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері байланыссыз әдіспен - мобильдік байланыс, интернет-банкинг және төлем терминалдары арқылы есірткі (жоғары сорттағы наша мен марихуана) сатқан қылмыскерлердің ізіне түсіп, тергеу шаралары барысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында 10 адамның бар екенін анықтады.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай