13 желтоқсан 2023 09:47

Жаңаөзенде қылмыстық топ заңсыз бизнестен 77 миллион ​​теңге табыс тапқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото politeka.net Фото politeka.net

Жаңаөзенде заңсыз ойын бизнесімен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.


Жаңаөзенде заңсыз ойын бизнесімен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Қатысушылар ойынхананың тұрақты жұмыс істеуі үшін ойын ойнауға арналған компьютерлер балансын жүйелі түрде толықтырып, нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңсыз пайданы жинап, басқа да ұйымдастыру-басқару қызметтерін атқарған.

Тінту кезінде ойын ойнауға арналған құрылғылар: жүйелік блоктар, мониторлар, чек принтерлері мен сканерлері, теледидарлар, телефондар және қолма-қол ақша алынды.

"Заңсыз әрекеттен түскен қылмыстық кіріс көлемі 77 миллион теңгеден асты. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жарияланбайды.

"Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі", - деді ҚМА өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети