25 желтоқсан 2021 10:50

"Жанармай бекетінде хат қалдырып кеткен". Алматы облысында шетел азаматы ұрланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматы облысының патрульдік полиция қызметкерлері жанармай бекетінде қалдырылған жазбаның арқасында адам құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Шетелдік азамат Алматы облысындағы 


Алматы облысының патрульдік полиция қызметкерлері жанармай бекетінде қалдырылған жазбаның арқасында адам құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Шетелдік азамат Алматы облысындағы 

Ақпарат бойынша, 24 желтоқсанға қараған түні Алматы облысы ПД кезекші бөлімінің пультіне көрші облыстың тәртіп сақшыларынан жанармай құю станцияларының бірінде белгісіз біреу оны ұрлап кеткен адамдардан құтқаруды өтінгені жазылған хат қалдырғаны туралы хабарлама түскен.

"Жарты сағат ішінде Алматы облысы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция батальонының "Борт-25" экипажы құрамында аға инспектор, полиция майоры Тюлюказов және полицияның аға лейтенанты Жаңабеков Алматы-Бішкек автожолының 76-шақырымында Самсы ауылының маңында 35 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан Honda Elysion автокөлігін тоқтатты",-деп хабарлады Алматы облысы ПД өкілі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?? АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ (@police_almobl)

Құжаттарды тексеру кезінде көлік салонында тағы төрт ер адам болған, олардың ішінде құтқару туралы жазба қалдырған көрші республиканың 43 жастағы азаматы да бар болып шықты. 

"Осы адамдардың барлығы Жамбыл ауданының полиция бөліміне жеткізілді, онда жәбірленуші күдіктілерге қатысты арыз жазды. Материалдар Жамбыл облыстық ПД-ға жолданады", - деп толықтырды полиция өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети