"Астана" телеарнасының тілшілері Алматыда аса қатыгездікпен өлтірілген 11 жастағы Өркен Азаматұлының әжесі Бағдагүл Есіпбекованың жанайқайы түсірілген сюжетті жариялады.
"Астана" телеарнасының тілшілері Алматыда аса қатыгездікпен өлтірілген 11 жастағы Өркен Азаматұлының әжесі Бағдагүл Есіпбекованың жанайқайы түсірілген сюжетті жариялады.
Әжесінің айтуынша, Өркен оқиға алдында өгей шешесімен бірге тұрғысы келмейтінін айтыпты. Сөйтіп, әжесінің қолына келіп жүріпті. Алайда оны өгей шешесі қайта алып кетіп жүрген. "Менің балам айтты "мен тұрмаймын". Сосын кейін бұл үйге келді. Үйден келіп, алып кетеді. Кешірші, табанын жалайды, сүйеді. Жаным, я все больше не буду, примерный жена болам, пожалуйста, кешірші деп алып кетеді", - дейді марқұм баланың әжесі.
Алайда бір жетіден кейін жанжал туып, бала қайтадан әжесінің қолына келіп жүріпті. "Сонымен содан жүрді де, балам кетіп қалды. бітті тұрмаймын, мен разводқа берем деп кетіп қалды... Оның планы біріншіден мені өлтірмек екен. Содан кейін барып, Өркенді өлтіру керек екен. Мен тергеушілерге айттым, осы әйелді тергеңіз. Басқа ешқайда бармайды компютерный клубқа бармайды, ойнамайды. После школы сразу үйге келеді. Ешқайда бармайтын бала, мен 100 процент білем, баламды. Үйге келеді, сабағын оқиды. Теннисына дайындалады, шахматын ойнайды, дайындалады... Она злая была. Ол вообще адам емес. Енді айтып отырмын ғой, көршілері де айтып жатыр дейді ғой. Она была жестокая, балалалырын ұратын қатты, дейді... Ондай ананы тура қолын балтаменен шауып өлтіру керек. Ондай бізде неге заң жоқ? Бізге сондай заң шығару керек, Қытайдағы секілді. Қалай қолы барды, Өркен оны "мама" деп жүрді ғой. Бағынды, қалай соған қолы барды, ол иттің. Өркенді бәрі жақсы көрді. Класс жетекшісі менімен таңғы 6-ға дейін жүрді ғой. Завуч, деректоры, бәрі-бәрі ата-аналары, бәрі бірге жүрді ғой. 3 күн іздедік қой... Мен жылағым келмейді, мен 5 уақыт намаз оқимын, мен білемін, көп жыласа ол суға кетіп қалады, ол періште. Оның қанаты суға батып, ұша алмай қалғанын қаламаймын. Ол қиналмасын, қиналсам мен қиналайын. Менің Өркенім қиналмасын, періште болып ұшып жүрсін! Бірақ ішім күйіп жатыр...", - дейді әжесі күйіп.
© "Астана" телеарнасының сюжеті
Сонымен қатар, сюжетті психолог Ділдә Сақтағанова қылмысты жасаған адамның ауытқуы бар екенін айтады. "Бұл жерде патологиясы бар адам екені көрініп тұр. Бұл әйелдің дүниетанымының өзі сол нәрсені ойлап, сол нәрсені істейтін деңгейге шейін және оны тек ой күйінде қалдырмай іске асыратын деңгейге шейін пісіріп, жетілдіріп оны келтіруінің өзі жалпы диструктивті іс-әрекет. Қылмысқа бейімділігінің бар екендігі көрініп тұр. Бұл жерде мен аморально тип дегеннен басқа ешнәрсе айту қиын. Себебі негізі бала үшін ана қорған, қамқор. Бала өзінің балалығымен негізі ол риясыз сенеді, ата-анасына. Ол мені қорғайды, не айтса да ол дұрыс, деген біздегі қағидалар бар, аксиома болып, қалыптасқан...", - деді психолог.
Еске салайық, Өркен Азаматұлы 22 қаңтарда өлі табылған еді. Кейін оны өлтірді деген күдікпен өгей шешесі Шәрипа Ақбердиева, оның ұлы Темір Ақбердиев пен қызы Айдана Ақбердиева, кәмелетке толмаған 9-сынып оқушысы Қадыржан Гулямов және такси жүргізушісі, негізі күзетші болып істейтін Руслан Мұталиев ұсталған. Айта кетейік, Алматы қаласы Алмалы аудандық прокуратурасының мәлімдеуінше, "барлық фигурант кінәсын мойындаған".
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99 және 125-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.