Жәндіктерді улаймын деп екі адамды өлтіріп алған әйелдің ісі: жәбірленуші сот үкіміне шағымданды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Ақтауда жәндіктерді улайтын химиялық заттан әйелі мен қызы қайтыс болған тұрғын сот үкіміне шағымданды. Бұл іс бойынша толық ақпаратты Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда жәндіктерді улайтын химиялық заттан әйелі мен қызы қайтыс болған тұрғын сот үкіміне шағымданды. Бұл іс бойынша толық ақпаратты Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Сот мәліметінше, 2-ықшамауданның тұрғыны өз пәтерінде "Квикфос" препаратымен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізген. Әйел қауіпсіздік талаптарын елемей, көршілеріне бұл туралы ескертпеген. Салдарынан көрші пәтерде тұратын әйел мен қыз уланып қайтыс болған. Қыз үйінде, анасы кейін реанимацияда көз жұмған. Бірінші сатыдағы сот үкімі бойынша әйел кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылған. Моральдық шығын ретінде одан үш миллион теңге өндірілген.

Алайда марқұмның күйеуі апелляциялық шағым түсіріп, айыпталушыдан 20 миллион теңге мөлшерде моральдық шығын өндіруді сұраған. Ол жауапкерден әлі ешқандай төлем алмағанын түсіндірді.

Өткен аптада апелляциялық комиссия оның шағымын қарады.

Сот отырысында үкімді өзгертуге негіз болған жаңа мән-жай анықталмағандықтан, апелляциялық шағым қанағаттандырылмай, сот шешімі өзгеріссіз қалды.

Айта кетейік, биыл ақпанда Ақтау тұрғыны пайдалануға тыйым салынған "Квикфос" улы препаратымен үйіне дезинфекция жасап, ол туралы көршілеріне алдын ала ескертпегені хабарланған болатын. Нәтижесінде улы иіс көрші пәтерлерге таралып, одан бір үйде тұратын он айлық сәби мен оның анасы уланып қайтыс болды. Бірнеше тұрғын жансақтау бөліміне түскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro