19 ақпан 2020 23:30

Жасөcпірімді екі жыл бойы зорлап, видеосын желіде жариялаған полицей сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сотталушы сот залында. © 1tv.kz Сотталушы сот залында. © 1tv.kz

Түркістан облысында экс-полицей кәмелетке толмаған жасөспірімге сексуалдық зорлық көрсеткені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Түркістан облысында экс-полицей кәмелетке толмаған жасөспірімге сексуалдық зорлық көрсеткені үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен полиция капитаны Сәкен Сейтжапаров Қылмыстық кодекстің бірден екі бабы бойынша кінәлі деп танылды - "Кәмелетке толмағанға зорлық әрекеттері" және "Бопсалау".

"Сотталған адам 2013 жылдың наурыз айында кәмелетке толмаған адамның мас болу жағдайын пайдаланып, оған қатысты жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған. Ол оқиғаны камераға түсірген. Ол 2013, 2014 жылдары бұл видеоны ғаламторға салып, зорлық әрекеттерін жалғастырған. Сонымен қатар, ол одан ақша бопсалап, телефон, алтын сақина және ақша қаражатын алған", - деп хабарлады соттағылар.

Сәрсенбі, 19 ақпанда сот экс-полицейге 15 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Ол сондай-ақ "полиция капитаны" атағынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сотталушы сот залында. © 1tv.kz

Бұл оқиға 2018 жылы жұртшылыққа белгілі болған еді. Сол кезде жәбірленуші жасөспірім болған кезде оны екі ересек ер адам зорлағанын мәлімдеген. Бұл іс алты жыл бойы бірнеше рет жаңартылып, дәлелдемелердің жеткілікті болмауына байланысты тоқтатылып келген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети