Ұлыбритания азаматы Питер Барох жасөспірім қыздарды азғындағаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үкімді Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды. Питер Барох кәмелетке толмағандардың қатысуымен түсірілген порнографиялық материалдарды әзірледі деп айыпталды.

Ағылшын азаматы жалпы режимдегі колонияда жаза өтейтін болады. Одан жасөспірім қыздардың суреті түсірілген Canon маркалы фотоаппараты тәркіленді. Сот айыпталушыдан мемлекет қазынасына 150 595 теңге көлемінде іс жүргізу шығынын да өндіріп алды. Жәбірленуші тараптың заңды өкілдері азаматтық шағымдарын қайтып алған, себебі сотталушының ата-анасы олардың барлық шығынын өтеген. "Мой город" порталының хабарлауынша, сотталушы өз кінәсін ішінара мойындаған. Оның айтуынша, ол қыздарды өзі үшін фотоға түсірген. Сотталушы жасөспірімдерді азғындамадым деп отыр. Оның тоғыз досы жаза мерзімін айыппұл төлеумен алмастыруды сұрады. Олар өз өтініштерін ҚР Бас прокуратурасына жолдады.
Питер Барох 14 қаңтарда ұсталған еді. Полиция оның қонақүйдегі нөмірінен ноутбук пен есте сақтау картасын тапты, онда Орал мен Атырау қаласындағы мектеп оқушыларының фотосуреттері болды. Ұсталған кезде ол айғақ заттарды өртеп жіберуге тырысқан. Барохқа Қылмыстық кодекстің "Кәмелетке толмағандарды азғындау әрекеттерін бірнеше рет жасау", "Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды әзірлеу және айналымға енгізу" баптары бойынша айып тағылды. Прокуратураның мәліметінше, ол қыздармен әлеуметтік желіде танысқан. Өзін фотографпын деп таныстырып, қыздарды сән бизнесінде танымал қылуға уәде берген. Ол барлығы 2000-ға жуық фотосурет әзірлеген.