Екібастұзда жаттығу жекпе-жегінен кейін жасөспірімнің қайтыс болуы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, мамыр айында болған жаттығу жекпе-жегінен кейін 14 жастағы Қуаныш Жұмабай ауруханаға түсіп, көп ұзамай қайтыс болған еді.

"Сот-медициналық сараптамасының нәтижесі бойынша "Денсаулыққа ауыр нұқсан келтіріп, абайсызда кісі өліміне соқтыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметкері Алма Мұсабекова. Оның айтуынша, бұл оқиға бойынша тергеуді Екібастұз қалалық ішкі істер бөлімі жүргізіп жатыр.
Еске сала кетейік, бұл қайғылы оқиға Екібастұзда маусымның 3-і күні болды. Жасөспірім бокстан Қазақстан чемпионатына дайындалған. Жас спортшы іш тұсынан соққы алғаннан кейін есінен танып қалады. Дәрігерлер спарринг кезінде баланың мидан қатты соққы алғанын айтты. Жарақат ауыр болғаны соншалық, оның бассүйегін тесуге тура келді. Бірақ баланы құтқарып қалу мүмкін болмады.