17 қазан 2020 13:42

"Жедел жәрдем көлігінен ұрлап кетті". Полиция Павлодардағы оқиғаға қатысты жаңа деректер айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Павлодар полицейлері қызды ұрып-соғу оқиғасының хронологиясын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.


Павлодар полицейлері қызды ұрып-соғу оқиғасының хронологиясын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері қызды аяусыз ұрып-соғу дерегі бойынша мұқият тексеру жүргізілгенін хабарлаған болатын. Тәртіп сақшылары 12 қазанда 54 жастағы әйелдің полицияға жүгінгенін айтты. Ол өзінің 26 жастағы қызын табуды өтінген. Сол күні жедел уәкілдер оның жалдамалы пәтерде танысымен бірге болғанын анықтады.

"Бұл пәтерді олар бірлесіп жалдаған. Пәтер иесі ұсынған бейнежазбаға қарағанда, қызды онда ешкім күштеп ұстамаған", - деп хабарлады Павлодар облыстық ПД өкілдері.

Бір тәуліктен аса уақыт өткен соң полицияға Назарбаев даңғылындағы үй тұрғындарынан қоңырау келіп түскен.

"14 қазанда түнгі сағат 03.05-те "көршілер шулап жатыр, тыныштықты бұзды" деген қоңырау түсті. Учаскелік инспектор пәтерге келді, есік жалға алынған пәтер иесінің көмегімен ашылды. Онда 26 жастағы қыз және оның 24 жастағы жақын танысы болған, олар полицияға жеткізілді", - деп толықтырды баспасөз қызметіндегілер.

Полиция бөлімінде қыз бұл ер адамнан жүкті екенін және қазір жетінші апта екенін хабарлады. Оның айтуынша, бұл күні, алдыңғы күндердегідей, олар жалдамалы пәтерде демалған. Кейін олардың арасында жанжал шығып, ер адам қызға қол тигізген. Алайда, жәбірленуші кез-келген сот ісін жүргізуден бас тартты, өйткені олар жақын қарым-қатынаста болған.

"Ер адамға қатысты тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Отбасылық-тұрмыстық қатынастарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында да қорғау ұйғарымы шығарылды. Мән-жайды анықтағаннан кейін полицейлер қызға жедел жәрдем шақырып, оны ауруханаға жеткізді. Сол күні ауруханада полицейлер қызбен қайта әңгіме жүргізді. Ол тағы да ер адамның жасаған заңсыз әрекетіне өтініш беруден бас тартты", - деді департамент өкілдері.

"Жедел жәрдем көлігінен ұрлап кетті". Ер адам қызға зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталды

Әңгіме барысына қыздың анасы да болғаны хабарланды. Ол қызынан ер адамға арыз жазуды талап етті. Әйел ол өтініш жазбаса, пәтерден жас балалармен бірге қуып шығатынын айтып, қорқытқан.

"Тек 16 қазанда бұл қыздан заңсыз ұстау және зорлық-зомбылық дерегі туралы арыз келіп түсті. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 126-бабына сәйкес соталды тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, бұл ер адамның іс-әрекетінде ӘҚБтК-нің 73-1-бабында көзделген құқық бұзушылықтар да байқалады", - деп атап өтті ПД өкілдері.

Сотқа дейінгі тергеу Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімовтің ерекше бақылауында.

Еске салайық, Павлодарда ер адамға қызды ұрлап, аяусыз ұрып, зорлады деген айып тағылған болатын. Ақпаратты "Немолчи" қоры жариялады. Ондағы мәліметке сүйенсек, 11 қазанда дүкенге шыққан қызды ер адам ұрлап кеткен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети