1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

"Жедел жәрдемнен ұрлап әкетті": жүкті әйелді зорлаған павлодарлық сотталды 30 маусым 2021, 17:00

Павлодар тұрғыны жүкті әйелді ұрлап-соғып, зорлағаны үшін 11 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Павлодар тұрғыны жүкті әйелді ұрлап-соғып, зорлағаны үшін 11 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам жәбірленушіні бірнеше рет заңсыз бостандығын шектеді және зорлады деп айыпталды, және мұндай әрекеттер бірнеше рет қайталанған. Процесс жабық режимде өтті.

Сот отырысында ер адамның кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен және сараптама қорытындыларымен дәлелденгені атап өтілді. Прокурор ер адамды 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Павлодар тұрғыны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұдан басқа, Қылмыстық кодекстің 60-бабы 1-бөлігі негізінде алдыңғы үкім бойынша жазаны ішінара қосу жолымен түпкілікті 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп хабарлады Павлодар сотының баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, сот сотталушыны жәбірленушіге моральдық зиян келтіргені үшін екі миллион теңге өтемақы төлеуді міндеттеді.

Сот ер адамның жазасын жеңілдететін жағдай - баласы бар екені, ал ауырлататын жағдай - қылмысты мас күйде жасағаны екенін айтты. 

Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, Павлодар тұрғыны 26 жастағы әйелді аяусыз қорлағаны туралы ақпаратты "Не молчи" қоры жариялаған болатын. Былтыр 11 қазанында жүкті әйел дүкенге шыққанда оны бірге баспана жалдап тұратын 24 жастағы танысы ұрлап әкеткені хабарланды.

Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оны бірнеше күн ұстап, бір жалдамалы пәтерден екіншісіне көшіріп, ұрып-соғып, зорлаған. 12 қазанда әйел қашып шығып, жедел жәрдем шақырған, бірақ ол ауруханаға барар алдында оны жедел жәрдем көлігінен ұрлап әкетеді.

14 қазанға қараған түні көршілер шу естіп, учаскелік полиция қызметкерін шақырады, сөйтіп жұпты полицейлер алып кетеді. Алайда соққы жеген келіншек одан жүкті екенін мәлімдеп, арыз жазудан бас тартты.

Ер адамға қатысты тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалды және әйелді қорғау туралы бұйрық шығарылды, ал жәбірленушіге жедел жәрдем шақырылып, ауруханаға жеткізілді. Әйел арызды анасы балаларымен пәтерден шығарамын деп қорқытқаннан кейін ғана жазғаны атап өтілді. Кейін полиция күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram