Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Жезқазғанда нәрестесін қоқысқа тастаған студент қызға қатысты үкім шықты

15 Тамыз 2016, 11:56
0

Жезқазғанда нәрестесін әжетханаға тастаған 18 жастағы студент қызға қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлбаршын Жітікованың айтуынша, қыз бір жылға бас бостандығынан шектелді.

Сонымен қатар, сотталушы жүйелі түрде пробация қызметіне барып тұрады, кешкі уақытта үйінде болуы керек және инспекторға айтпай тұрғылықты мекен жайын ауыстыруға болмайды. Мұның үстіне сотталушыдан 47 763 теңге көлемінде сараптама жұмыстарын жүргізуге кеткен шығынды өтейді. 

Іс материалдарына қарағанда, сотталушы нәрестенің әкесімен 2015 жылдың мамырынан бері кездесе бастапты. Жүкті болып қалған ол бұл жайлы туыстарына айтуға қорқыпты. 2016 жылдың 17 мамырында ол мерзімінен бұрын босанып қалған. Ол әжетханада босанып, одан құтылуды шешіпті. Ол баласын полиэтиленге салып, оны қоқысқа тастаған. Кейін аула тазалаушылардың бірі нәрестені тауып алған. Әйел оны медициналық пунктке жеткізген. Нәресте ауруханаға жатқызылып, барлық қажетті көмек көрсетілген. 

Сотта сотталушы өз кінәсін толықтай мойындады. Ол бұл ісін ата-анасы мен жұрттың сөзіне қалудан қорыққандықтан барғанын айтты. Айтуынша, жүктілігін баланың әкесі де білмепті. 

Ол қатты өкінетінін айтты. Ол баланың әкесімен үйленіпті, енді баланы өздері асырамақшы. 

Айта кетейік, осыған дейін сот оны балаға алимент төлеп отыруға міндеттеген еді. Алайда алимент сомасы 500 теңге шамасында ғана. Сот мұндай шешімді анасының жұмыс істемейтінін және материалдық табысы болмағандықтан шығарыпты. Ол ата-анасымен бірге тұрады екен және солардың асырауында.  

Еске салайық, Қарағанды облысында қоқыстан аузы әжетхана қағазымен оралған нәресте табылған болатын. Дәрігерлер нәрестенің жағдайы ауыр екенін хабарлаған еді. Кейін Қарағанды облысында нәрестені қоқысқа 18 жастағы анасы тастаған болып шықты. Бұдан кейін нәресте Балалар үйіне жеткізілді. Дәрегерлер нәрестеге Елжас деген есім берген.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай