22 желтоқсан 2022 17:42

Жол құрылысы саласында 43 миллиард теңге жымқырылғаны анықталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Жол құрылысы саласында 43,4 миллирад теңгенің ұрлығы анықталды. Бұл туралы Бас прокуратурада өткен брифингте мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жол құрылысы саласында 43,4 миллирад теңгенің ұрлығы анықталды. Бұл туралы Бас прокуратурада өткен брифингте мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде 43,4 миллиард теңгені жымқыру деректерін анықтадық. Олар қылмыстық істер бойынша тергеліп жатыр. Жолдар бойынша ЕРДР-да барлығы 28 қылмыстық іс тіркелген. Олардың барлығы бақылауда. Процесс енді ғана басталды, бүгін қорытынды шығару, менің ойымша, ерте", - деді Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов.

Оның айтуынша, прокурорлар сегіз жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге жұмсалған 600 миллион теңгенің тиімсіз пайдаланылғанын, 70 жалған анықтаманы, 10 стандартқа сәйкес келмеу дерегін анықтаған.

Сонымен қатар, Сапарбек Нұрпейісов мердігер ұйымдардан 600 миллион теңгеден аса сомаға тұрақсыздық төлемі өндірілмегенін, 7 миллиард теңгеге жуық сомаға дебиторлық берешек өтелмегенін атап өтті.

"Тексерулер аяқталған жоқ, келесі жылға жоспарлап отырмыз. Алдын ала қорытындылар ол жерде тиісті тәртіптің жоқтығын көрсетті. Жымқыру, ысырап қылу, сапасыз жол салу бар", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети