06 қаңтар 2020 12:12

Жомарт Ертаев кінәсін мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жомарт Ертаев Жомарт Ертаев

Экс-банкир Жомарт Ертаев Bank RBK банкіндегі жымқыру ісі бойынша басты сот тыңдауында өз кінәсін мойындады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Оған қаражат жымқыруды ұйымдастыру және қылмыстық жолмен алған ақшаны заңдастыру бойынша айып тағылған. 


Экс-банкир Жомарт Ертаев Bank RBK банкіндегі жымқыру ісі бойынша басты сот тыңдауында өз кінәсін мойындады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Оған қаражат жымқыруды ұйымдастыру және қылмыстық жолмен алған ақшаны заңдастыру бойынша айып тағылған. 

"Толық мөлшерде кінәмді мойындаймын", - деді Ертаев мемлекеттік айыптаушының сөзінен кейін. 

Айта кетейік, осы істе 46 эпизод пен 700 том бар. Айыптау актісі 3600 парақтан тұрады, бірақ прокуратура тек 280 бетін оқыды. 

Жомарт Ертаев Bank RBK-дан қызметтік бабын асыра пайдаланып, басқа да тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы 144 миллиард теңге жымқыруды ұйымдастырды деп айыпталды. Тергеу мәліметінше, қылмыс 2011-2017 жылдары аралығында жасалған. 

Сотталушылар саны - 37, олар осы іске қатысы бар деген күдікке ілінген. Негізгі фигурант - бұрынғы банкир Жомарт Ертаев. Сондай-ақ, осы іс бойынша Bank RBK бұрынғы басқарма төрағалары Игорь Мажинов және Марпу Жакубаева бар, сонымен қатар Qazaq banki акционері Бахыт Ибрагим де бар. 

Жомарт Ертаев 2018 жылы қарашада Мәскеуде ұсталды және қамауға алынды. Сондай-ақ, ол босқын статусынан айырылды. Ұсталғаннан кейін, Ресейдің Бас прокуратурасы қазақстандық кәсіпкерді Қазақстанның құзырлы органдарына тапсыру шешімін қабылдады. Сол кезде адвокаттар қамауға алуға шағымданған, алайда сот үкімді өзгертусіз қалдырды. Кейін Қазақстанның Бас прокуратурасы Ертаевты Ресейден экстрадициялады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети