13 желтоқсан 2022 09:46

Жітіқарада жанармай құю станциясының қызметкері ұрлықты қолдан ұйымдастырған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жітіқарадағы жанармай құю бекетінің қызметкері полицияға телефон соғып, белгісіз ер адамның кассадан ақша ұрлап кеткенін айтқан. Тергеу барысында тонау болмағаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газета"-ға сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, әйел белгісіз біреудің қорқытып, кассадан 600 000 теңге алып кеткенін айтқан.

"Оқиға орнын тексеріп, жанар-жағармай құю станциясының операторынан жауап алу кезінде полицейлер берілген ақпараттың растығына күмән келтірген. Кейінірек әйел бұл қылмысты ақша жымқыру мақсатында ұйымдастырылғанын мойындаған", - деді Қостанай облыстық полиция басқармасының бастығы Ерлан Омарбеков Facebook-парақшасында.

Ведомство мәліметінше, жәбірленушіге қатысты "Жалған ақпарат тарату" бабы бойынша соталды тергеу басталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети