21 қазан 2016 16:50

Жыл басынан бері ОҚО-да мал ұрлығымен айналысқан 20-дан аса қылмыстық топ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ОҚО ІІД баспасөз қызметі © ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері мал ұрлығымен айналысқан 20-дан астам қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері мал ұрлығымен айналысқан 20-дан астам қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2016 жылдың 9 айы көлемінде Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында мал ұрлығымен айналысқан 20-дан астам қылмыстық топты құрықтады. 150 мал ұрлығына қатысы бар 70-тен аса күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тартты", - делінген хабарламада. 

Мәселен, Түлкібас ауданында криминалды полицияның жедел уәкілдері Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында орын алған 18 мал ұрлығы жайтына қатысы бар, құрамы 5 өкілден тұратын қылмыстық топты құрықтады.

Сонымен, биыл тамыз айында Түлкібас ауданындағы ауылдардың бірінде күдіктілер мал иесінің жоқтығын пайдаланып, жайылымнан құны миллион теңгеге жуық болатын, 37 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі 4 бас жылқыны қолды қылған.  Ал Төлеби ауданында мал ұрлықшылар ерікті жайылымнан құны миллион теңгеге жуық болатын 7 бас малды ұрлап кеткен.

Полицейлер күдіктілерден айғақты зат ретінде барлығы ұрланған 50 бас мал тәркілеген.  Қазіргі таңда күдіктілер қамауда. ҚР ҚК 188-бабы ("Ұрлық") бойынша қылмыстық іс қозғалған, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшылары Сарыағаш ауданында тағы бір 15 мал ұрлығы жайтына қатысы бар, құрамы 5 азаматтан тұратын қылмыстық топтың ісін әшкереледі. Күдіктілерден 5 бас мал тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды.

Бақылаусыз жүрген төрт түлік мал  ұрлықшылар  үшін оңай олжа болып отыр. Мал иелері көбінде өз мүлкін сақтауға салғырттықпен қарайды екен.

Сонымен, ауыл тұрғындары далаға немесе жайылымға малдарын қараусыз жібере салады, ал оның ұрланғанын бірнеше уақыттан кейін ғана байқайды. Тіпті содан соң да ішкі істер органына дереу хабар бермей, өздігінше іздеуге кіріседі. Ал бұл уақыт ішінде қылмыскерді табудағы іздер жойылып, қылмыстың ашылуын қиындатады. Сонымен қатар, мал иелерінің таңба басу мен сырғалауды ұмытуы малдарды тануға кедергісін келтіреді.

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері мал иелеріне жайылымға кеткен малдарын бақылаусыз қалдырмауын сұрайды. "Жоғалу немесе ұрлану жайты орын алғанда дер кезінде полицияға арызбен келуі немесе "102" телефонына хабарласқаны абзал", - дейді тәртіп сақшылары.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети